8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2021 1564 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2014 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

9 ақпан.  Зашаған кентінде «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген әрқайсысы 75 пәтерлік, бес қабатты үш тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысын «Болашақ-Т» және «СКФ Отделстрой» ЖШС-лары және «Домостроитель» ӨК жүргізді.

12 ақпан. «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жас отбасыларға және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесінің салымшыларына арналған үш үй тұрғындар игілігіне берілді. Жаңа орда шағынауданында 157 және 160 пәтерлік, Зашаған кентінде 90 пәтерлік үйдің кілттері табысталды.

2 наурыз. Қалада «Мәңгілік Ел» патриоттық форумы ұйымдастырылды. Түрлі этно-мәдени орталықтардың төрағаларынан, зиялы қауым өкілдерінен, қоғам қайраткерлерінен, спортшылардан, жастардан құралған Елбасы Жолдауын қолдаушы топ мінген автокеруен қаламыздағы іргелі оқу орындары мен Жастар мәдениет үйінде болып, жас ұрпақ өкілдерімен кездесті.

24 сәуір. Оралда «Мұнайгаз саласындағы сервистік қызмет және машина жасау» тақырыбында «KAZSERVEX» халықаралық форумы өтті. Халықаралық форумға 250 адам қатысты.

25 сәуір. Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының су жаңа оқу ғимараты өзінің алғашқы күнін аталмыш оқу орнының профессоры, түркітанушы ғалым, филиология ғылымдарының докторы Мұрат Сабырдың ғылыми   еңбектерінің тұсаукесерімен ашты.

Сәуір. Зашаған кентінде «Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жас отбасыларға және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесінің салымшыларына арналған бес қабатты 90 пәтерлік тұрғын үй ел игілігіне берілді.

7 мамыр. Жергілікті «Зенит» зауыты құрастырған «Сарыарқа» ракета-артиллериялық әскери кораблі теңізге жол тартты.

6 маусым. 6 шағынауданда 59-үйдің ауласында жазғы балалар аула клубтарының  ашылу салтанаты өтті.

4 шілде. №49 «Ақ ниет» балабақшасы күрделі жөндеуден кейін балғындар игілігіне берілді.

11 шілде. 1974 жылы құрылып, ғасырды ғасырмен жалғаған «Отделстрой» компаниясы 40 жылдық мерейтойын атап өтті.

Шілде. М.Горький атындағы Орал қалалық кітапханасы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа әдебиеттермен кітапсүйер оқырман қауымға есігін айқара ашты.

Шілде. Қаладағы «Көктем» шағынауданындағы Брусиловский, 101 мекенжайында №9 пошта байланыс торабына қарасты «Қазпошта» АҚ филиалы ашылды.

11 шілде. «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-тың еңбекшіл ұжымы кезекті 22-ші жоғары жылдамдықтағы «Қарағанды» күзет кемесін суға  түсірді.

11 шілде. Қаламызда орыс халқының жазушысы, журналист, суретші, Никита Федорович Савичевтің ескерткіші ашылды.

6 тамыз. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Нива» спорттық-сауықтыру кешенінде «БҚО Жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Көршілер – Соседи»  Қазақстан-Ресей  жастарының халықаралық лагері ашылды.

25 тамыз. Қаладағы Карев көшесі  41-үй  қабырғасында ҚР сот жүйесінің құрметті ардагері Бижан Иманғалиевке арналған мемориалдық тақта орнатылды.

4 қыркүйек. Жайық өзені жағалауындағы демалыс саябағында «Шахмат» алаңы ашылды.

4 қыркүйек. Елімізге танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» сыйлығының лауреаты Ақұштап Бақтыгерееваның мерейлі 70 жасқа толуына орай облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қабылдады.

5 қыркүйек. Зашаған кентінде №20 орта мектептің ауданынан шағын саябақ ашылды. Аталмыш саябақ қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысымен «БатыстрансСтрой» ЖШС мердігерлік компаниясының қалалықтарға тартуы.

Қыркүйек. Қаламыздағы 6-шы шағынауданда жаңа балалар спорт алаңқайы ашылды. Қала күні мерекесі қарсаңында балдырғандар игілігіне өткен бұл нысанды «Стройкомбинат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарту етті.

11 қыркүйек. «Жаңа орда» шағынауданында Хисмет Қапанов атындағы Орал халықаралық гимназиясының ашылуы қала күніне жасалған ерекше сый болды. Білім ордасында  100  орындық  балабақша мен 160 орындық бастауыш мектеп жұмыс  жасайды.

24 қыркүйек. Облыстық қазақ драма театрында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» ордені және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылығына арналған «Жайықтан ұшқан аққу-жыр» атты кеш өтті. Өнер кешіне Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, ҚР Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, жазушы Мереке Құлкенов, ақын Жанарбек Әшімжан қатысты.

Қыркүйек. Неке сарайының алдында орналасқан «ғашықтар» орындығының ашылу рәсімі болды. «Ғашықтар» орындығына сол күні некелері қиылған жас жұбайлар – Ернар мен Айнұр Жадановтар алғашқы болып отырып, игі-жақсылардың алғысына бөленді.

Қыркүйек. Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Алтын ханшайым» тарихи жәдігерінің тұсаукесері болды. Алтын ханшайымның киімі «Остров Крым» ЖШС-ның директоры Қырым Алтынбековтың идеясынан туған.

1 қазан. Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ашылғанына екі жылдығы атап өтілді.

9 қазан. Орал қаласында «WestKazInvest – 2014» халықаралық бизнес форумы өтті. Форум-көрмеге еліміздің және Ресейдің кәсіпкерлері мен ғалымдары, мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Қазан. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешеніне 90 жыл толуына орай «Сәкен Сейфуллин және Сәкен мектебі» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

31 қазан. Облыстық қазақ драма театрында  Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 20 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен атқарушы билік өкілдері қатысты.

3 қараша. Орал халықаралық әуежайының ұшып-қону алаңын қалпына келтіру жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Атыраудан Оралға бет алған жолаушылар ұшағы жөндеуден өткен жаңа жолаққа келіп қонды. Бұл салтанатты сәтке  облыс әкімі Н.Ноғаев пен қала әкімі А.Көлгінов куә болды.

6 қараша. Орал қаласындағы «Сити центрден» «Cinema Park» жаңа кинотеатры ашылды. Заманға сай жабдықталған алты залы баркинопарк фильмнің сапасын арттыратын дыбыстық жүйесімен ерекшеленеді.

12 қараша. Деркөлде 1969 жылы іргетасы қаланған №12 аралас тілді мектеп  күрделі жөндеуден өткен соң ел игілігіне берілді.

24 қараша. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың тарих, экономика және құқық  факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылды. БҚМУ ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына тарту жасады.

27 қараша. Облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті күніне арналған «Нұрсұлтан Назарбаев: еуразиялық ықпалдастық. Міндеттері мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 1994 жылы Қазақстан Президенті Мәскеу мемлекеттік университетінде тұңғыш рет Еуразиялық ықпалдастық одағын құру туралы бастама көтерсе, 2014 жыл ел тарихында еуразиялық экономикалық одақ құрылған жыл ретінде қалды.

1 желтоқсан. Тұңғыш Президент күнінде Зашаған кентінде Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында «Заңғар» бөбекжайы ашылды. 360 орындық балабақшаны «Марасант» ЖШС  салды.

5 желтоқсан. Достық, 203 мекенжайындағы спорт қорапшасында жасанды мұз айдыны ашылды. Бұл – «Намыс» спорт клубының теңгеріміндегі он спорт қорапшаларының бірі.

15 желтоқсан. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Астана» шағынауданында Теннис орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына орай тұңғыш рет үлкен теннистен Қазақстан мен Ресейдің жасөспірімдер командалары арасында достық кездесу ұйымдастырылды.

16 желтоқсан. Тәуелсіздік күні қарсаңында «Болашақ-Т» компаниясы үлесіндегі Үй құрылысы комбинаты іске қосылды. Комбинат басшысы – Қайдар Қощанов.

16 желтоқсан. Орал қаласында «Квант» жауапкершілігі шектеулі  серіктестігінің тағы бір сауда орталығы ашылды. С.Датов көшесіндегі «Твой дом» сауда үйінің ашылу салтанатына облыс әкімі Н.Ноғаев пен қала жұртшылығы қатысты.

16 желтоқсан. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қаладағы Омега ауданындағы тынымбақ тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Құрылыс жұмысына жауапты мердігер – «Ремстройбыт» ЖШС.

17 желтоқсан. Деркөл ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысан құрылысы  2010 жылы басталған болатын. Алайда 2012 жылы құрылысты қаржыландыру тоқтатылып, ағымдағы жылы қайта қолға алынды.

25 желтоқсан. Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014  жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» атты жалпыұлттық телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орал трансформатор зауытындағы электротехникалық өнімдер өндірісін іске қосты.

29 желтоқсан. Зашаған кентінде 160 отбасы қоныс тойын тойлады. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген бес қабатты 100 және 60 пәтерлік екі үй құрылысын «Домостроитель» ӨК пен «KazConstuctionGrop» CC» ЖШС жүргізген.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
39 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
313 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
572 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
811 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
846 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1001 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1195 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1430 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1515 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1625 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1633 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1663 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1668 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1771 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1991 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2300 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»