8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2021 1364 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2008 жыл)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

25 ақпан. Украина Республикасының Президенті Виктор Ющенконың Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов III дәрежелі «Ерен еңбегі үшін» орденімен марапатталды. Облыс басшысы бұл наградаға ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі кезінде үкіметаралық комиссияның төрағасы ретінде Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық және мәдени байланысты нығайту және Қазақстандағы Украина жылын өткізудегі қажырлы еңбегі үшін ие болды.

5 шілде. Астанамыздың он жылдық мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы Елорда орталығындағы Сарыарқа даңғылы мен Кенесары көшесінің қиылысына «Еуразия» гүлзарын жасақтап, астаналықтарға сыйға тартты. Келесі күні мұнда Елбасы келіп батысқазақстандықтардың Астана қаласының мерейтойына жасаған тартуын тамашалады.

24-25 қыркүйек. Елбасы облысқа жұмыс сапарымен келді. Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жаңартылған ғимаратын көрді. Индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша өсімдік майын өндіретін зауыттың жобасымен танысты. Сондай-ақ жаңадан салынатын жылыжай құрылысы мен 5 мың ірі қараны бордақылайтын кешеннің жобасы Елбасының назарына ұсынылды. Президент 7-ықшамауданындағы «Балбұлақ» балабақшасының ашылуына қатысты. Облыс активі жиналысында Мемлекет басшысы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің қызметіне жоғары баға берді.

10 қазан. Қала іргесіндегі Зеленов ауданының Новенький ауылы маңында жаңа газтурбиналы электр стансасының алғашқы кірпіші қаланды. Қуаты 54 МВТ болатын ГТС Орал қаласының солтүстік-шығысындағы жаңа ықшамаудандарды электр және жылумен қамтамасыз етпек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
308 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
555 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
587 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
743 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
937 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1175 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1255 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1366 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1371 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1401 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1409 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1514 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1730 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2044 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1928 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2040 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
2026 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»