Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін қалайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын басты заң. Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және қоғамдағы теңдікті сақтау мәселелеріне ерекше мән берілген.
Осы тұрғыда Конституцияның 16-бабының маңызы зор. Онда «Заң мен сот алдында бәрі тең» деген негізгі қағидат бекітілген. Бұл әрбір адамның әлеуметтік жағдайына, лауазымына, ұлтына, жынысына немесе материалдық мүмкіндігіне қарамастан заң алдында тең екенін білдіреді.
Аталған бапта Қазақстан азаматтарымен қатар, елімізде тұратын немесе уақытша жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды да кемсітуге тыйым салынған. Яғни адамның тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына, тұрғылықты жеріне және өзге де ерекшеліктеріне байланысты құқықтарын шектеуге жол берілмейді.
Бұл конституциялық норма қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға, әр адамның қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған. Сонымен қатар мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің әділ әрі заңға сәйкес жұмыс істеуіне негіз болады.
Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының маңызды негізі. Ал оның 16-бабында бекітілген теңдік қағидаты әрбір адамның құқығын құрметтеуге, кемсітушілікті болдырмауға және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Конституцияның басты құндылығы – адам, оның құқықтары мен бостандықтары.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Кіру