8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2026 39 0
«Әділет» партиясы

Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті

Бүгін «Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Бөрлі ауданына қарасты Бөрлі ауылында тұрғындармен кездесті. Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиынға облыстық сайлауалды штаб мүшелері Мұрат Мұқаев, Бауыржан Жантілеуов, Балжан Сұлтанова қатысты.
Алдымен сөз алған Мұрат Рахметұлы партияның алдағы саяси науқаны мен негізгі бағыттарына тоқталып, тұрғындармен пікір алмасты.
Келесі кезекте Бауржан Жантлеуов «Әділет» партиясының алдағы бес жылға арналған бағдарламасында Бөрлі ауданы бойынша көзделген жоспарлар мен жобаларды таныстырды. Оның айтуынша, бірінші кезекте жол және инфрақұрылым мәселелеріне басымдық берілмек. Алдағы бес жылда ауданда 69 шақырым жолды жөндеу, сондай-ақ ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жоспарланған.
Бұдан бөлек, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау бағытында да бірқатар бастама бар. «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында 15 кәсіпкердің жобасына қолдау көрсету, ауыл тұрғындарына 49 микрокредит беру көзделген. Сонымен қатар алты жыл ішінде 2400 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Білім беру саласында да ауқымды жобалар қарастырылған. Атап айтқанда, 2028 жылы Бөрлі ауылында 900 орындық мектеп, Облав және Қанай ауылдарында 60 орындық екі мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ ауданда жалпы 425 орынға арналған жаңа балабақшалар салу көзделіп отыр.
Ал Балжан Сұлтанова партияның қызметі мен негізгі ұстанымдары туралы айтып, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ тұрғындардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып, ел дамуына өз үлестерін қоса алатынын атап өтті.

Кездесу соңында облыстық сайлауалды штаб мүшелері тұрғындарды 29 қараша күні өтетін мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысуға шақырды. Жиын барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, партия өкілдеріне сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
33 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
89 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
375 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
395 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
371 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»