ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
«Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының мүшелері Азамат Сафималиев, Ерлік Шамғали, Абылай Бақтығалиев пен Елжас Қуанышқали ауданымызға арнайы келіп, тұрғындармен кездесу өткізді.
«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Азамат Сафималиев сөз алып, Ата заңдағы өзгерістер туралы түсінік беріп, бір палаталық құрылтай ерекшелігі туралы айтты.
– Биылғы жылы үлкен-үлкен саяси өзгерістер орын алды. Еліміздің саяси аренасынан «Әділет» партиясы орын алды, елдің қолдауымен Ата заңымыз қабылданып, Мемлекет басшысының Құрылтай туралы бастамасы халықтық қолдауға ие болды. Қарашаның 29-ында елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды өткізілуде. Аудандарды аралып, жергілікті тұрғындардың айтарына құлақ асудамыз. Бұған дейін де «Әділет» партиясы үлкен қала, іргелі ауылдарды былай қойып, шалғайдағы елді мекендерге дейін барып, елді мекендегі мәселелерді зерделеп, халықты толғандырған түйткілдерді жинақтады. Соның негізінде сайлауалды жол картасы әзірленді.
Жұмыс тобының мүшелері өз кезегімен сөз алып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Жастар атынан сөз алған Ерлік Мерекеұлы да партияның алдағы бес жылға арналған жоспарларына тоқталды. – «Әділет» партиясы кандидаттарының қатарына жастар өкілдері де қосылып жатыр. Болашақ қана емес, бүгінгі күннің де жастардың қолында екенін сезініп, сіздердің алдарыңызға келіп отырмын. Сайлауалды бағдарламада «Жасампаз AI» жобасы қарастырылған. Жасанды интеллектіні мемлекеттік қызмет саласында еңбек ететін мамандардан бастап, барлық сала өкілдері толыққанды меңгеруі қажет. Сонымен қатар алдағы бес жылда 205 азаматты субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту жоспарланған. 50-ден астам жас пен жас отбасын заман талабына сай мамандықтарға оқыту да бағдарламаға енгізілді, – деді Ерлік Мерекеұлы.
Жарыссөзде сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков полигоннан зардап шеккен аудан тұрғындары үшін оңалту орталығы мен балаларға арналған лагерь мәселесін көтерді. Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қуаныш Елемесов Бисен-Жаңақала жол құрылысы мен Ұялы ауылындағы тозығы жетіп тұрған мәдениет үйінің жайын назарға ұсынды.
-Негізі, бұл мәселе облыс басшылығының назарындағы мәселе. Дегенмен, қаржының мәселесіне қатысты жол құрылысы да, мәдениет үйінің жағдайы да жабулы қазан күйінде тұрғаны рас. Шалғай ауданның осы мәселесі назарыңызда болса екен, – деген Қуаныш Елеуұлы.
Қуанышбек Еркіналиев төтенше жағдайлар бөлімінің қазіргі ғимаратының жағдайы сын көтермейтінін айтса, Нәсіп Нүркенова аудандық ауруханаға да күрделі жөндеу керектігін тілге тиек етсе, Ақсүйрік Аманова кітапханаға ғимарат керектігін мәселе ғып көтерді. Ал, Медет Қаресов Бөкей ордасы ауданы мен РФ Астрахан облысы Ахтуба ауданы арасындағы «Молодость» өткізу пунктінің мәртебесін өзгерту мәселесін қолға алуды сұрады.
«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру





