Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
Шыңғырлау ауданында «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабы мүшелерінің тұрғындармен кездесуі өтті. Жиынға облыстық штаб мүшелері Мұрат Мұқаев, Балжан Сұлтанова, Бауыржан Жантілеуов қатысты.
Кездесу барысында еліміздің қазіргі даму бағыты, қоғамдық-саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және алдағы кезеңнің басым міндеттері кеңінен сөз болды. Әсіресе, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мақсат-міндеттер мен оларды жүзеге асыру жолдарына назар аударылды.
Қатысушылар Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен беделі, елдің тәуелсіздігін нығайту, ұлттық мүддені қорғау және жаһандық өзгерістер жағдайында бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру мәселелерін талқылады. Бүгінде әлемдік геосаяси ахуал күрделеніп, экономикалық байланыстар мен технологиялық даму жаңа сипат алып отырған кезеңде ел ішіндегі бірлік, саяси тұрақтылық пен тиімді мемлекеттік басқарудың маңызы арта түскені атап өтілді.
Кездесуде «Әділет» партиясының бағдарламалық бағыттары да назардан тыс қалмады. Партия ұстанымындағы әлеуметтік әділеттілік, заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығы және қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері сөз болды.
Сонымен қатар, тұрғындарды толғандыратын әлеуметтік қорғау, қолжетімді баспана, жол және инженерлік инфрақұрылым, экологиялық ахуал, ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері қозғалды. Аталған бағыттар елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны айтылды.
Жиында білім беру мен ғылымды дамыту, жас ұрпаққа сапалы білім беру, отандық өндірісті қолдау және цифрлық технологияларды кеңінен енгізу мәселелеріне де ерекше мән берілді. Әсіресе, жасанды интеллект дәуірінде адами капиталды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру және жаңа технологияларды экономиканың түрлі саласына тиімді пайдалану- уақыт талабы және маңызды міндеттер екені атап өтілді.
Кездесу барысында штаб мүшелері партияның бағдарламалық басымдықтары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер жөнінде ақпарат беріп, тұрғындарды толғандырған мәселелерге қатысты пікір алмасты.
Қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы ашық диалогты дамыту, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және ел дамуына қатысты өзекті мәселелерді ортақ талқылау аталмыш кездесудің негізгі мақсаты болды десек те болады.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру


