АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармонияның камералық залында Автожол саласы және автомобиль көлігі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын мен концерт өтті. Оған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев қатысып, автожолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
Облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударғанын атап өтті.
– Президентіміз Жолдауда: «Біз Қазақстанның барлық аймағын байланыстыратын, яғни, еліміздің транзиттік әлеуетін күшейтетін заманауи, өте дамыған теміржол және көлік жолдарының тұтас желісін құруымыз керек. Бұл – стратегиялық міндет», – деп атап көрсетті. Бұл міндетті жүзеге асыруда жолшылар мен көлік саласы қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, ел экономикасының дамуына тікелей ықпал етеді, – деді Нариман Төреғалиев.
Өңірде жол инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2023–2026 жылдары жалпы құны 258 млрд теңгеге 1,5 мың шақырымнан астам автомобиль жолын салу, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстары қамтылды.
Қазіргі таңда облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 мың шақырымнан асады. Оның 1 349 шақырымы – республикалық, 4 714 шақырымы – жергілікті маңызы бар жолдар. Республикалық жолдардың 98 пайызы, жергілікті жолдардың 60 пайызы нормативтік талаптарға сәйкес келеді.
Салтанатты жиында автожол және автомобиль көлігі саласының дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлерге Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің салалық марапаттары, құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Кіру








