8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2021 1305 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2012 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

17 қаңтар. Орал қаласында қазақтың белгілі ақындары Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұмағалиевке ескерткіш тақта орнатылды. Карев көшесіндегі №69 үйге орнатылған тақтаның ашылу салтанатына Жайық өңірінің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Осындай салтанатты шара бұрын облыстық «Екпінді құрылыс» газеті редакциясы болған Ғұмар Қараш көшесіндегі №14 үйде де өтті. Мұнда 1932 жылдан 1936 жылға дейін Қасым Аманжолов пен бірге біздің жерлесіміз, белгілі ақын Абдолла Жұмағалиев қызмет жасады. Ақын А. Жұмағалиевтің ескерткіш тақтасын ақын Қайрат Жұмағалиев пен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры Серікқали Шарабасов ашты.

20 қаңтар. Мемлекет басшысының Жарлығымен облыс әкімі лауазымына Нұрлан Ноғаев тағайындалды. Елбасының бұл Жарлығын ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин облыс активіне таныстырды.

 16 ақпан. «Жайық Пресс» ЖШС-да жаңа ақпараттық орталық жұмысын бастады. Оның міндеті – Батыс Қазақстан облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-спорттық өміріндегі жағдайлардан шұғыл хабарлар беру. Ақпараттар қазақ, орыс тілдерінде қазақстандық және шетелдік ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар, интернет пайдаланушылары және сол сияқты халықаралық ұйымдар, экономиканың шынайы секторлары кәсіпорындары және басқа да серіктестіктер үшін онлайн тәртібінде таратылады.

3 шілде. ҚР Германиядағы елшілігінің шақыруы бойынша «Орал сазы» ансамблінің ұжымы Германияға шығармашылық концертпен барды. Облыстық филармонияның әншілері ҚР Германиядағы елшілігінде және Магдебурге қаласында концерт берді.

14 шілде. Оралда Шамғон Қажығалиев атындағы II республикалық дирижерлер байқауы өтті.

8 қыркүйек. «Жайық Пресс» ЖШС-да қазақ заңгерлерінің бірі, қазақ халқының азаттығы жолындағы күрескер Жаһанша Досмұхамедовтың туғанына 125 жыл қарсаңында оның қысқаша өмірбаяны мен суреті басылған дәптер шығарылды. Дәптердің тұсаукесері Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде өтті.

12 қазан. Облыстық қазақ драма театрында ақын Қайрат Жұмағалиевтің 75 жылдығына арналған «Жыры менің – елім менің» атты шығармашылық кеш өтті. Жылы құттықтау сөздер мен ізгі тілектерді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев және басқа да қаламдас дос-жолдастары, оның талантына табынушылар айтты.

10 қараша. Оралда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы Қажығали Мұханбетқалиевтің қазақ халқының атақты ұлы Сырым Датұлына арналған «Тар кезең» тарихи романының тұсаукесері өтті.

 4 желтоқсан. ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қаласындағы «Жұлдыз» ықшамауданында №37 орта метептің ашылу салтанатына қатысты. Бұл – облыс орталығында биылғы жылы ашылған үшінші мектеп.

16 желтоқсан. Орал қаласында Салтанат сарайы ашылды. Қазақстанда жоқ сәнді сәулет ғимараты жаңа ықшамауданға көрік берді. Енді оралдықтар өмірлеріндегі салтанатты сәтті: неке қию, күміс, алтын тойларын және тағы басқа қуанышты сәттерін осында өткізеді.

жалғасы бар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
160 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
198 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
365 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
557 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
799 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
878 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
986 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
993 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1018 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1030 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1133 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1353 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1671 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1553 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1661 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1653 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1783 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1828 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1772 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1782 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»