8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2021 1667 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (1992 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1 қаңтар. Орал қаласында мемлекеттік тілде алғаш рет оқырманға ақпарат таратқан қалалық қоғамдық-саяси «Жайық үні» газеті жарыққа шықты. 4 ақпан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Швейцарияның Давос қаласында өткен бүкілдүниежүзілік экономикалық форумға қатысты. Қайтып келе жатып, Орал қаласына тоқтады. Орал әуежайында Президентті халық депутаттары облыстық кеңесінің төрағасы Н.Есқалиев, облыстық кеңес төрағасының бірінші орынбасары, облыстық атқару комитетінің төрағасы В.Гартман қарсы алды.

Наурыз. Батыс Қазақстан облысының құрылғанына 60 жыл толды. ҚР Жоғары кеңесі төралқасының 6 шілдедегі қаулысымен облысымызға бұрынғы «Батыс Қазақстан облысы» атауы қайтарылып берілді. «Омега» прибор жасау зауытының жанынан құрылған «Бикар» шағын кәсіпорны дәрігерлік жабдықтар шығара бастады. Ол нарық қыспаққа алған қазіргі замандағы медициналық жабдықтар зәрулігін бәсеңдетуге септігін тигізбек. Днепропетровскіден Барнауылға дейін баратын жолаушылар пойызы Оралға дейін қатынайтын болды. Осыған байланысты Қазақстанның өз ішінде жаңадан Орал-Ақмола маршруты ашылды. Республика меншігіне көшкен «Омега» прибор жасау зауыты байланыс құралдары, жабдықтарын шығаратын Түркияның «Телеташ» фирмасымен келісімшартқа отырды. Зауыттағы екінші қолға алынған жаңашылдық – халық аса қажет етіп отырған радио аппараттарын жасау.

23 наурыз. Орал қаласында Ресей Федерациясы үкіметі мен Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті басшыларының кездесуі болып, өзара экономикалық ынтымақтастық жайында келісім жасалды. Сәуір. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында аспирантура ашу туралы шешім қабылданды. Аспирантурада күндізгі және сырттай бөлімдері болады.

24 сәуір. Халықты жұмысқа орналастыру жөніндегі қалалық орталық еңбек биржасы Оралда бірінші рет «Зенит» машина жасау зауытының Мәдениет сарайында лауазымдық қызмет орындарына, жұмысшылар мен үйренушілік орындарына жәрмеңке өткізді.

13 мамыр. Ұлы Жеңістің 47 жылдығында белгілі қолбасшы Г.Жуковқа ескерткіш ашылды. Сыра және алкогольсіз ішімдіктер зауыты «Ақ Жайық суы» минералдық су өндіруді қолға алды. Зауыт тәулігіне 1700-1800 декалитрге дейін өнім шығара алады.

Маусым. Қаланың солтүстік-шығыс жағындағы «Құрылысшы» ауданы мен 4-ші мөлтек аудан тұрғындарына көптен күткен 7-ші автоматты телефон станциясының алғашқы кезегі іске қосылды. 7-ші АТС-ті монтаждауда «Казсвязстрой» басқармасының Оралдағы жылжымалы колониясы жұмыс жасады. Орал өңірінде жаңа «Нарын» қоғамдық қозғалысы дүниеге келді. Оның негізгі міндеті – кезінде әскерилер қарамағына берілген нарын құмының жайылымға бай кең байтақ жерін тұрғылықты халыққа қайтарып беру.

Қазақстан суретшілер одағының көрме залында Орал суретшілерінің тұңғыш көрмесі ашылды. Облыстық қылқалам шеберлеріне бағыт-бағдар, беру мақсатында Қазақстан суретшілер одағының Орал облыстық бөлімшесі ашылды.

Шілде. Қала әкімшілігінің шешімімен Оралда облыстық қазақ драма театры құрылды. Қалада 30-40 жылдары осындай ұлттық драма және комедия театры жұмыс істеген-ді. Алайда ол кейінірек жабылып қалды. Театрға «Агрореммаш» бірлестігі өзінің Мәдениет сарайын тегін берді. Театр директоры болып әуесқой композитор Әділбек Сүлейменов тағайындалды.

Орал қаласындағы №24 орта мектепте арнайы кинозал жасақталып, пайдалануға берілді. Бұл облыс мектептері арасындағы – тұңғыш кинотеатр.

Тамыз. Орал қаласында Әйтиев пен Дзержинский көшесінің қиылысында Қазақстанның тұңғыш ішкі істер халық комиссары Әбдірахман Әйтиевке арналған ескерткіш ашылды. Оралда жастарды ұлттық қолөнерге баулитын жаңа мектеп ашылды. Аталмыш мектепке 14-17 жас аралығындағы Орал қаласында тұратын қолөнерге икемі бар үйренушілер қабылданды. Уақытша №9 мектептен орын алған «Мұрагерде» ұлттық қолөнердің нағыз шеберлері дәріс берді.

Орал қаласында Қазақ экология орталығының республикалық филиалы жұмыс істей бастады. Ол «Экологиялық жобалау» шағын кәсіпорнымен бірлесе отырып, мекемелер мен ұйымдарға, колхоздар мен совхоздарға қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік құжаттар жасауға, түрлі шараларды белгілеп іске асыру ісіне нақты көмек көрсететін болады.

18-20 тамыз. Президент Н.Ә.Назарбаев Батыс Қазақстан облысында болып, бірқатар аудандарды аралады. Орал қаласында Башқұртстан Жоғары кеңесінің төрағасы М.Рахимовпен, Татарстан Президенті М.Шаймиевпен кездесті.

Қыркүйек. Орал қаласында «Құрылысгаз» мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның алғашқы жұмысы Атырау-Самара мұнайгаз құбырын жөндеуден басталды. Құбыр кеңейтіліп, қайта іске қосылғанда, онымен Орал өңіріне газ келу жолға қойылды, газдандыру кеңінен шешілді.

Қазан. Көсем де шешен, әрі батыр бабамыз Сырым Датұлының 250 жылдық мерейтойы Ақ Жайық өңірінде сән-салтанатпен аталып өтті.

1 қазан. Республикамыздағы байырғы білім шаңырағының бірі, «Құрмет белгісі» орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының 60 жылдығы атап өтілді.

7 қазан. Оралда Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы мәдениет институтынан кейінгі сондай дәрежедегі екінші оқу орны ашылды. Батыс Қазақстан мәдениет институты өзіміздің облыстан басқа Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарына да жоғары білімді мәдениет қызметкерлерін дайындады.

«Зенит» зауыты өндірістік-техникалық бағыттағы және халық тұтынатын тауарлардың жаңа түрлерін шығаруды жүзеге асыра бастады. Контейнерлі наубайхана мөлтек зауыт пен электр қондырғышты және керамикалық астары бар әмбебап аспалы пеш нан-бөлке және кондитер бұйымдарының түр-түрін пісіріп шығаруға арналған.

Медициналық-педагогтік консультация ашылды. Бұл поликлиникада жоғары білімді мамандар ауру балаларды жан-жақты тексеріп, оларды қалай емдеу, тәрбиелеу, оқыту керек екені жөнінде ата-аналарға кеңес береді. Даму ерекшеліктерін терең және жанжақты зерттеу үшін оларды ғылыми-зерттеу орталықтары мен емдеу-профилактикалық мекемелеріне жолдама береді.

Оралдағы керамика бұйымдары зауытында құрылған «Гончар» шағын кәсіпорны жұмысқа кірісті. Зауыттағы ескі қойма жайлар жаңа өндіріске бейімделіп қайта жабдықталды. Сөйтіп енді жартылай фарфор және керамика сервиздерінің бірнеше түрін, вазалар, құмыралар мен қыш құмыралар шығару жолға қойылды.

«Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Мәдени-ағарту бірлестігі» құрылып, құрамына балалар аула клубтары берілген. Бүгінде 22 клубтық мекеменің жұмысы жанданып жүрiп жатыр. Олардың 19-ы – аула клубы. Осы аула клубтары заманға сай өзгеріп, комьюнити орталықтары ретінде ашылуда.

2 қараша. Орал қаласында етті консервілеп өңдейтін «Кублей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайда болды. Алғашында өнімнің бір түрі ғана – «Бұқтырылған сиыр еті» тәулігіне 5100 банка көлемінде шығатын. «Кублей» компаниясы консервіленген өнімдерді өндіру бойынша отандық нарықтың көшбасшысы болып табылады.

Қараша. «Құрмет белгісі» орденді А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде этнографиялық мұражай кабинеті ашылды. Мұражай-кабинетке этнография, фольклор және ғылыми шығармалар, әшекей бұйымдарының жиынтығы жинақталған.

Желтоқсан. Орал астық өнімдері комбинаты бұрынғы ұн тарту цехына макарон ұнын тарту жабдығын орнатты. Оралда дайындалған макарон өнімдері Павлодар, Жезқазған комбинаттарына да жөнелтіле бастады. «Қазақгаз» ұлттық компаниясының байланыс торабы үйінде автоматты телефон станциясы пайдалануға берілді. Ол осы заманғы үйлестіру жүйесіне сәйкес мінсіз жетілген құрал-жабдықтармен жабдықталған. Автомат телефон станциясы Ақсай қаласы және Орынбор, Саратов қалаларымен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік берді.

Батыс Қазақстан облыстық Жастар үйі пайдалануға берілді.

Жалғасы бар.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
25 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
76 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
92 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
97 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
184 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
180 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
186 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
269 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
526 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
717 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
848 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
858 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
933 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1336 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1354 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1430 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1518 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1724 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1723 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»