8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2021 1261 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (1993 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

10 ақпан. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институты жанынан аспирантура ашылды. Ол ауыл шаруашылығы өндірісін басқару және экономика тақырыбында тоғыз мамандық бойынша ғалымдар даярлайтын болады. Оқыту күндізгі және сыртқы бөлім арқылы жүргізіледі.

17 ақпан. Орал қаласында ҚР Ұлттық Академиясы Батыс Қазақстан бөлімшесінің су және биологиялық проблемалар бойынша ғылыми орталығы құрылды. Орталықтың директоры болып, белгілі ғалым, геология және минералогия ғылымдарының докторы Роберт Құрманғалиев тағайындалды.

3 наурыз. Желаев астық өнімдері комбинаты өздерінің қызметкерлері үшін бірден он пәтер сатып алды. Сөйтіп, жұмысшыларды тұрғын үймен қамту жөніндегі әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру басталды. Тағы да 50 пәтердің құрылысын қаржыландыру жоспарлануда.

6 наурыз. Алматы қаласында жерлесіміз, белгілі жазушы Хамза Есенжановтың мемориалдық мұражай-үйін жасақтау қолға алынды. Бұл жұмысты ұлы Әлихан қолға алды, оған жазушының кезіндегі достарының ұрпақтары мен жанашырлары көмектесуде.

10 наурыз. Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы телевизиялық қазақ тілі сабағын беруді бастады. Оны өткізудің әдістемесін мұғалімдер білімін жетілдіру институтының қазақ тілі және әдебиеті кабинеті әзірледі. Көрермендер үшін 80 сағатқа арналған қолжетімді материалдар беріледі. Оны меңгергендер ешбір аудармашысыз қазақ тілінде еркін сөйлесе алады.

3 сәуір. Батыс Қазақстан облысының әкімі Қабиболла Жақыпов бастаған делегация үш күн бойы РФ Астрахан облысында болды. Келіссөздер қорытындысы бойынша Астрахан және Батыс Қазақстан облысы арасында өзара экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімшарт қабылдады.

29 сәуір. «Уральснефтегазгеология» өндірістік кәсіпорнының Шаған экспедициясы Приурал ауданы аумағынан Чинарев кен орнын ашты. Геологтардың болжамы расталды. Екінші бұрғылау қондырғысы 5 мың метр тереңдіктен жоғары дебитті газ конденсат қорын тапты. Зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасуда. Геологтардың бағалауынша жаңа кен орнының болашағы зор.

22 мамыр. Облыстық әділет басқармасында Ғұмар Қараш қоры тіркеуден өтті. Қордың мақсаты мен міндеті — ақын, философ Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығын кешенді зерттеу және өлкеміздің басқа да қоғам қайраткерлерінің еңбектерін жарыққа шығару, Ақ Жайық өңірінің шынайы тарихын жасақтауға қатысу. Қор президенті белгілі ғалым-ғұмартанушы Мақсат Тәжімұратов.

29 мамыр. Орал қаласында жастар арасында шахматтан ел біріншілігі өтті.
Онда жерлесіміз, спорт шеберіне кандидат Мұртас Қажығалиев сегіз мүмкіндіктен 7,5 ұпай жинап, тамаша жетістік көрсетті. Ол бас жүлдегер атанып, Бразилияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

30 мамыр. Нью-Йорк штатының Колгайт университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Марта Брил Олкотт бірнеше күн Орал қаласында болды. Ол көп жылдан бері қазақтардың көшпелі өмірін зерттеу проблемасымен шұғылданып келеді. Оның «Қазақтар» атты монографиясы ғалымдардың жоғары бағасын алды. Ғалым тәуелсіз жас мемлекетіміздің қазіргі шынайы өмірін зерттеумен айналысуда. Марта Брилл Олкотт облыс әкімі Қ.Жақыповпен, бірқатар саяси партиялар мен қозғалыс жетекшілерімен кездесті.

3 маусым. Бұрынғы металл бұйымдары зауытының ұжымы мемлекеттік кәсіпорынды сатып алып, металл және пластмасса тауарларын шығаратын жабық акционерлік кәсіпорынға айналғаны туралы куәлік алды. Қазір 460 мүшесі бар ұжым өндіріс қожайыны болды. Кәсіпорын директоры П.Камышев шаруашылық жүргізудің жаңа әдісіне көшу арқылы мекеменің экономикалық жағдайы түзеліп, жұмысшылардың материалдық жағдайы жақсаратынына сенімді.

10 маусым. А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты мен «Уральскнефтегазгеология» бірлестігінің автокәсіпорны ұжымдары бұрын-соңды болмаған су тасқыны зардабын шеккен Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары тұрғындарына көмек беру жөнінде үндеу тастады. Республиканың барлық халқына, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кәсіпорны, жоғары оқу орындары ұжымына арналған үндеуде нарықтық қатынасқа көшу барысындағы өтпелі кезеңдегі қиындықтар, инфляция күн санап өсіп отырған жағдайда халықтардың бірлігі мен ынтымағы керектігі айтылған. Сондықтан бастарына қиындық туған жандарға қолұшымызды созуға шақырады.

6 шілде. «Неведа – Семей» атом сынағына қарсы халықаралық қозғалысы атқару комитетінің төрағасы М.Ерімбетов, осы комитеттің «Радиация. Экология. Денсаулық» комитетінің төрағасы Д.Қайырғалиев, бір топ журналистер мен фототілшілер ядролық сынақ аймағына айналған Орда ауданында және Азғыр, Капустин Яр полигонында болды. Олар осы аймақтағы экологиялық жағдаймен, әлеуметтік-экономикалық проблемалармен, тұрғындардың денсаулығын нығайту барысында қолға алынып жатқан шаралармен танысты.

27 тамыз. Облыстық Қызыл Крест қоғамы алыстағы Жапониядан емшектегі баланы тамақтандыруға арналған 20 тонна жасанды сүт өнімін алды. Құрамында 25 компонент бар сүт өнімдері алыстағы аудандарға және қаладағы арнаулы балалар мекемелеріне бөлінеді.

2 қыркүйек. Орал ет комбинаты ауданында жаңа №33 қазақ мектебі ашылды. Облыс бойынша бес қазақ мектебін ашу жоспарлануда. Статистика мәліметі көрсеткеніндей, жыл сайын қазақ сыныптарындағы оқушылар саны екі пайызға өсіп отыр.

7 қыркүйек. Облыстық байланыс кәсіпорнына жаңа басқару құрылымы енгізілді. Облыста өз алдына бөлек мемлекеттік байланыс қызметі және облыстық мемлекеттік телекоммуникация кәсіпорны құрылды. Бұл нарық жағдайына көшуге және аталмыш саланы басқару жүйесін жетілдіру үшін жасалды. Әрбір құрылымға әлеуетті тұтынушылармен жұмыс істеу мүмкіндігі берілді.

16 қыркүйек. Батыс Қазақстан облыстық тілдер басқармасы құрылды.

Жалғасы бар.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
49 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
71 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
78 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
165 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
159 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
167 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
250 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
508 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
700 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
830 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
840 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
915 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1318 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1336 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1412 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1500 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1706 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1705 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»