8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2026 59 0
«Әділет» партиясы

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін ауданымызға «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды көшпелі штабы келіп, аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттар, алдағы саяси науқанның маңызы, партияның сайлауалды бағдарламасы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге облыстық штаб басшысының орынбасары Азамат Сафималиев, штаб мүше-лері Елжас Қуанышқали, Абылай Бақтығалиев және Ерлік Шамғалиев қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Азамат Сафималиев партияның құрылу тарихына, алдағы саяси науқанның маңызына тоқталып, көшпелі штабтың негізгі мақсаты туралы айтты. Оның сөзінше, кездесудің басты міндеттерінің бірі – Президент Жолдауында көтерілген бастамалар мен стратегиялық міндеттердің түпкі мәнін халыққа кеңінен түсіндіру, ел дамуының басым бағыттарын тұрғындармен бірге талқылау.
– 29 қарашада елімізде Қазақстан Республикасы мәслихатта-ры депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті және ол 27 қарашаға дейін жалғасатын болады. «Әділет» партиясы барлық елді мекендегі мәселелерді зерделеп, халықты толғандырған түйткілдерді жинақтады. Соның негізінде сайлауалды жол картасы әзірленді, – деді Азамат Сафималиұлы.

Штаб өкілдері Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруда әрбір өңірдің өзіндік орны бар екенін, экономикалық даму, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру, цифрлық технологияларды енгізу, халықтың тұрмыс сапасын арттыру секілді бағыттар елдің алдағы да-муында маңызды рөл атқаратыны айтылды.Осы орайда Жәнібек ауданының облыс үшін стра-тегиялық маңызына да ерекше назар аударылды. Ресей Федерациясымен шектесетін ауданның тұрақты дамуы, шалғай елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, ауыл шаруашылығын қолдау, көлік қатынасын дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері сөз болды.

Кездесу барысында штаб мүшесі Абылай Бақтығалиев жол сапасы мен көлік қатына-сының ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын атап өтті. Оның мәліметінше, 2026 жылы жергілікті маңызы бар 36,3 шақырым және кент ішіндегі 20,6 шақырым автомобиль жолын жөндеу жоспарланған.
– Соның ішінде өте маңызды бағыт – Жәнібек ауданын қамтитын аудандық маңызы бар «Жәнібек – Таловка – М. Узень» автожолының 92–128 шақырым аралығындағы учаскесін жөндеу жұмыстарын толық аяқтау көзделіп отыр, – деді ол.
Сондай-ақ соңғы екі жылда ауылдар мен қалаларда 123 шақырымға жуық көше жолы жөнделгені, биыл тағы 20,6 шақырым жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.

Ал Ерлік Шамғалиев жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту бағытындағы бастамаларға тоқталды.
Жиынның келесі бөлігінде аудан тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, еңбек және мемлекеттік қызмет саласы ардагері Нұрман Түменов, қоғам белсендісі, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы, Ардагер ұстаздар кеңесі мен Әжелер алқасының төрайымы Гүлнар Хайрлиева әлеуметтік маңызы бар мәселелерге тоқталды.
Аға буын өкілдері үшін шипажайларда демалу мүмкіндіктерін кеңейту, аудандағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін орталыққа ойын алаңдарын ұйымдастыру, ауылдық кітапханалардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, замана-уи мүмкіндіктерін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар тұрғындар үшін өзекті мәселелердің бірі – ауызсу мәселесін шешу қажеттігі де көтерілді. Кездесуде жергілікті халықтың пікірін тыңдау, көтерілген мәселелерді тиісті деңгейде қарастыру және олардың шешу жолдарын айқындау қажеттігіне баса назар аударылды.
Жиын соңында аға буын өкілдері жиналғандарды 29 қарашада өтетін Қазақстан Рес-публикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.

«Әділет» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
58 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»