8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2021 1168 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2005 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 ЖЫЛ

8-9 қаңтар. Орал қаласындағы «Жастар» стадионында допты хоккейден Қазақстан құрама командасы Швецияның құрама командасымен жолдастық кездесу өткізді. Нәтижесінде қазақстандықтар екі ойында да басымдық танытып, жеңіске жетті.

17-24 наурыз. Орал қаласында III Халықаралық скрипкашылар конкурсы өтті. Оған Жапония, Германия, Австрия, Голландия, Румыния, Англия, Латвия, Ресей, Украина, Белоруссия, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстаннан 1830 жас аралығындағы 18 музыкант қатысты.

20 сәуір. Батыс Қазақстан облысының Ұлы Отан соғысына қатысушыларына «Белоруссияның неміс басқыншыларынан азат етілгеніне 60 жыл» мерекелік медалі табыс етілді. Награданы Белоруссияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Л.Пакуш табыс етті. Мерейтойлық медаль Батыс Қазақстан облысының 358 майдангеріне берілді.

13 қазан. Облыстық қазақ драма театрының труппасы Каирде өткен эксперименталді театрлардың XVII Бүкілдүниежүзілік фестивалінен оралды. Жыл сайын өтетін фестивальға театр ұжымы облыс әкімдігінің демеушілігімен қатысып қайтты. Шарада 50 елдің театры өнер көрсеткен. Біздің актерлер «Қорқыт» қойылымын көрермендер назарына ұсынып, көпшіліктің жоғары бағасына ие болған. 3 қараша. Ораза айт күні Орал қаласының Еуразия даңғылы бойында салынған жаңа мешіт есігін айқара ашты. Оның ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, бас муфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі арнайы келді. Бас мүфти облыстың жаңа имамы Исмаил Сейітбековті таныстырып, мешітке ҚұранКәрімді сыйға тартты. Облыс әкімі Нұрғали Әшімов Орал қаласында араға 108 жыл салып жаңа мешіт ашылып отырғанын айтып, мешіт салуға қол ұшын берген барлық батысқазақстандықтарға, құрылысшыларға алғысын білдірді.

12 қараша. Қарашығанақ кен орнында «Қарашығанақ – Орал» газ құбыры жобасының тұсаукесері өтті. Мемлекет басшысының облысқа жұмыс сапары кезінде «ҚПО б.в.» компаниясымен осы газ құбырын жүргізу туралы меморандумға қол қойылған болатын. Міне, Президент тапсырмасы орындалып, Орал қаласын газбен қамту мәселесі шешілді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасақтауға 6 млн. доллар жұмсалған. Бұл газ құбыры Бөрлі, Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарын табиғи газға қосуға мүмкіндік береді.

жалғасы бар.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
135 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
174 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
340 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
533 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
775 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
854 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
962 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
969 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
993 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1006 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1109 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1329 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1646 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1528 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1637 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1628 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1759 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1803 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1748 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1758 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»