8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2021 1210 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2011 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

12 қаңтар. «Уральскагрореммаш» АҚ Белоруссияның «Маз» зауытымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысы мен Белоруссия арасында сауда байланысы Кедендік одақ құрылған соң жаңа деңгейге көтерілді. 2010 жылдың қаңтар-тамыз айларында сауда айналымы 6,4 миллион доллар құрады.

4 ақпан. Орал қаласында 150 кереуеттік жаңа онкологиялық диспансері ашылды. Мұнда сонымен қатар ауысымында 150-200 науқасты қабылдайтын емхана жұмыс істейді. Бұл қуанышты бөлісуге еліміздің бас онкологы, медицина ғылымдарының докторы Жеткерген Арызқұлов арнайы келді.

9-30 сәуір. Батыс Қазақстан облысында бұрын-соңды болмаған табиғат апаты болды. Ауа райы күрт өзгеріп, бірнеше күн бойы қар аралас жаңбыр жауып, Тасқала, Зеленов, Теректі, Шыңғырлау, Ақжайық ауандары мен Орал қаласы аумағындағы көптеген тұрғын үйлерді, әлеуметік және әкімшілік нысандарды тасқын су басты. Облыста қалыптасқан күрделі жағдайды қалпына келтіруге төтенше жағдай қызметінің барлық техникалары мен қызметшілері жұмылдырылды. Оған қоса Атырау, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан техникалар мен құтқару қызметі көмекке келді. Премьер-министрдің тапсырмасымен облысқа ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко Орал қаласына келді.

1 қыркүйек. Орал әуежайына «Орал – Алматы – Орал» маршруты бойынша алғашқы ұшақ келіп қонды. Осы маршрут бойынша «Фоккер — 100» ұшағы енді тұрақты қатынап тұратын болады.

4-8 қазан. Батыс Қазақстан облысында халық композиторы, әйгілі әнші Мұхит Мерәліұлының 170 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Мұхиттың шығармашылығы туралы ҚР халық әртісі Қажыбек Бекбосынов, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Қайдар Өтеғалиев, республикалық байқаудың лауреаты Мейрамгүл Орашева, тағы басқалары ой бөлісті.

23 қазан. Орал қаласында бұрын-соңды болмаған кең көлемде қоныстойы өтті. Бір күн ішінде үш 90 пәтерлік және 240 пәтерлік бір үй, екі балабақша және бір мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Барлық нысан көктемгі су тасқыны зардабын жою бағдарламасы бойынша салынды.

27 қараша. Облыстық кардиологиялық орталығында Батыс Қазақстан облысының тарихында алғаш рет жүрекке ота жасалды. Ота Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері Самара кардиология орталығының хирургі Виктор Белыйдың жетекшілігімен жасалды.

15 желтоқсан. Ақын Жанғали Набиуллин 75 жасқа толды. Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов мерейтой иесінің үйіне барып құттықтап, тұлпар тарту етіп, құрмет көрсетті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
84 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
253 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
441 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
690 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
768 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
874 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
881 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
902 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
919 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1019 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1242 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1558 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1441 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1551 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1540 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1671 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1716 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1663 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1672 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1777 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»