8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қазан 2021 1584 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2004 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

12 қаңтар. Мұхит Мерәліұлы атындағы қоғамдық қор құрылды. Облыстық мәслихат депутаты Ш.Қыдырниязова мен ҚРның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері С.Рахметжанов қордың құрылтайшылары болды.

10 ақпан. Орал педагогикалық колледжі ғимаратының алдында Жаһанша Досмұхамедовтың ескерткіші ашылды. 1896 жылы осы ғимаратта реалді училище орналасқан болатын. 10 жасар Жаһанша Досмұхамедов осында оқуға келді. Осы училищені үздік бітіріп, ол Мәскеу университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Ол одан кейін белгілі мемлекеттік және саяси қайраткер ретінде танылып, тарихта өшпес із қалдырды.

11 ақпан. Облыс әкімі Н.Әшімов бастаған Батыс Қазақстан облысының делегациясы Самара облысында болды. Екіжақты кездесулер мен келіссөздерде шекаралас облыстардың экономикалық байланысын одан әрі дамыту мәселелері талқыланған соң Самара облысының губернаторы Константин Титовқа Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградасы – I дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді.

1 сәуір. «Зенит» зауытының мәдениет сарайында қазақ тілінде алғаш рет көңілді тапқырлар клубының (КТК) ойыны өтті.

10 сәуір. Орталық және Орта Азия елдерінің тарихы, экономикалықәлеуметтік және саяси дамуын зерттеп келе жатқан Лондон университетінің профессоры Ширин Акмнэр БҚМУ-дың оқытушылары және студенттерімен кездесті.

11 шілде. Орал қаласына «Орал ЖЭО-ға энергия үнемдеу технологиясын енгізудің модельдік жобасын» жүзеге асыру үшін Жапонияның «Тохоку Электрик Пауэр» компаниясының жабдықтары жеткізілді. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның өкілдері жапондық мамандармен бірлесіп, жаңа стансаның іргетасын қалау жұмыстарына кірісті. Бұл жобаны жүзеге асыру облыстың энергетикалық тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді және электр энергиясының тарифін төмендетеді.

7 тамыз. Орал қаласында Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары мұражай мекемелерінің фестивалі өтті. Бұл мәдени шараға Астана, Павлодар, Петропавл, Шымкент қалаларынан қонақтар қатысты. Батыс Қазақстан өңірінің тарихы мен мәдени мұралары бүкіл қазақстандықтарды қызықтырады.

10 тамыз. Академик А.Тайманов атындағы техникалық олимпиаданың жеңімпаздары мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы арасында келісімшарт жасау рәсімі өтті. Енді облыстың 10 түлегі Қазақстан-Британ техникалық университетінде білім алатын болды.

8 қыркүйек. «Металлист» зауыты базасында Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы құрылды. Бұл компания ҚР индустриалдықинновациялық стратегиясын жүзеге асырудағы алғашқы қадам болды. Оның тұсаукесеріне ҚР Премьерминистрінің орынбасары С.Мыңбаев және облыс әкімі Н.Әшімов қатысты.

17 қазан. Орал қаласында су спорты бойынша БЖСМ ашылды. Бұл Орал қаласында су спорты бойынша жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Бұл спорт кешені «ҚПО б.в.» компаниясының қаржысына салынды.

30 қазан. Қазақ драма театрында белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның авторлық кеші өтті. Ақ Жайықтың ақ шағаласы атанған ақынды облыс әкімі Нұрғали Әшімов, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, ақын Ұлықбек Есдәулетов, өнертанушы, композитор Илья Жақанов, Ресей ақыны Татьяна Кузовлева құттықтады.

30 желтоқсан. Облыс әкімі Нұрғали Әшімов Ресей Ф ед е р а ц и я с ы н ы ң О р а л қаласындағы консулы Дмитрий Романовты қабылдап, оған Ресейдің Қазақстандағы жылы шеңберінде Батыс Қазақстан облысында өткізілген шараларға белсене қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Жалғасы бар.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
96 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
211 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
460 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
721 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
960 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
994 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1147 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1343 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1574 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1661 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1772 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1780 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1811 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1813 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1918 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2137 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»