Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
Тасқала ауданында тұрғын үйі апатты деп танылған отбасылардың баспана мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар жалғасуда. Республика күні қарсаңында 26 отбасы жаңа көпқабатты үйден пәтер алып, қоныс тойын атап өтті.
Жаңа үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы орнатылған. Сондай-ақ аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.
Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, аудан басшылығы мен тұрғындар қатысты. Жаңа қоныс иелеріне облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауы жеткізілді.
Мирас Мүлкәй өз сөзінде тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер жүктеді. Соның бірі – ауылдық елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру. Биылдан бастап жалғыз үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамтуға ерекше назар аударылды. Осы санаттағы отбасыларға Орал қаласын айтпағанда, Жаңақала, Сырым аудандарында жаңа пәтерлер берілді. Бұл жұмыс жалғасады. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, бақ-берекелі болғай!, – деді Мирас Мүлкәй.
Тасқала ауданында аталған санат бойынша барлығы 33 тұрғын баспана кезегінде тұрған. Жаңа пәтерлердің берілуімен олардың 26-сы, яғни 79 пайызы тұрғын үймен қамтылды.
Бұған дейін жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі заңнамалық тұрғыда реттеліп, «Реновация» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізілген болатын.
Жаңа баспанаға ие болған тұрғындар қуаныштарын бөлісіп, көрсетілген мемлекеттік қолдауға алғыстарын білдірді.
Жалпы Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді. 2023 жылдан бері өңірде 7 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілсе, оның 40 пайызы ауылдық елді мекендерде салынған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

Кіру



