8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қараша 2021 1416 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2015 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1 қаңтар. Даңқты жерлесіміз, Қазақстанның бокстан ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты атанды.

17 ақпан. Қаратөбе ауданының Сулыкөл ауылының тумасы, қазір Украинаның Приднепровка қаласының тұрғыны, кәсіпкер Болат Смағұлов өзінің туған ауылындағы Қалдығайты мектебіне 2,5 млн. теңгенің заманауи компьютерлік құрал-жабдықтарын сыйлады.

4 наурыз. Облыс әкімдігі мен Түркияның «Akgun Group» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды. Бұл компания келісімшарт бойынша индустриалды аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесін және жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтайды.

2 сәуір. Елбасының қатысуымен Орал қаласында «Жастар мықты Қазақстанды қолдайды!» атты республикалық жастар форумы өтті. Форумға 2100 студент, спортшылар және шығармашыл жастар қатысты. Олардың арасында әлемге танымал спортшылар Илья Ильин, Денис Тен, Серік Сапиев, Сабина Алтынбекова, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Данияр Елеусінов, тележұлдыздар Нұрлан Қоянбаев, Тұрсынбек Қабатов және тағы басқалары бар.

24 сәуір. Облыстық қазақ драма театрында Бауыржан Момышұлына арналған «Ноқтаға басы сыймаған» атты спектакль қойылды. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев және Б. Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова қатысты.

2 маусым. «Оралагрореммаш» АҚ-ның жаңартылған гүлзарында Чернобыль атом станциясында болған апатты қалпына келтіруге қатысушыларға арналған мемориалдық кешеннің ашылу салтанаты болды. Бұл — Қазақстандағы алғашқы ескерткіш.

3 маусым.  Орал трансформатор зауытынан шыққан алғашқы 300 трансформатор Ресейге экспортқа жөнелтілді. 7 цехы бар зауытта 150 адам жұмыс жасайды. Олардың 100-і — жергілікті тұрғындар.

30 маусым. Орал қаласында қазақ халқының ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығы тойланды. Қазақстан халық жазушысының мерейтойында оның атындағы орталық пен ескерткішінің ашылуымен басталды. Мерейтойға келген қонақтар арасында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақынның зайыбы Салтанат Мырзалиева, сазгер Илья Жақанов бар.

4 шілде. Қаратөбе, Сырым аудандарында және Орал қаласының Зашаған кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің салтанатты ашылуы болды.

28 шілде. Жәнібек ауданында жергілікті «Талап» шаруа қожалығының басшысы Жанболат Ғұмаровтың бастамасы бойынша облыста бірінші ауылдық тұтыну кооперативі құрылды.

22 тамыз. Оралда КСРО және Қазақстанның Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын Жанғали Набиуллинге арналған ескерткіш тақта ашылды. Ескерткіш тақта Жаңақала ауданының әкімдігі мен мәслихатының қолдауымен жасалды.

26 тамыз. Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығын ауқымды тойлау мерекесі өтті. Бірінші күні «Тарихы терең Қазақ елі» республикалық айтысы болды. Мерекенің екінші күні ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

4 қыркүйек. «Жайық Пресс» медиахолдингінің ақпараттық сайтының және облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері сайттарының тұсаукесері өтті.

29 қыркүйек. Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында Қазақстанда алғаш ашылған баспахана орналасқан үйге ескерткіш тақта орнатылды. Шара барысында аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин сөз сөйледі.

1911 жылы Орда ауылында «Қазақстан» газеті шыға бастады, ал 1917 жылдан «Алаш» партиясы қайраткерлерінің идеясын қолдаған «Ұран» газеті шықты.

4 қазан. Зеленов ауданының Переметный ауылында күрделі жөндеуден кейін аудандық мәдениет үйі ашылды. Оны жөндеуге республикалық бюджеттен 260 млрд. теңге бөлінді. Осыдан 40 жыл бұрын салынған мәдениет ошағы толықтай жаңарды.

28 қазан. Орал әскери-техникалық мектеп ғимараты алдында Кеңес Одағының және РФ Батыры, жерлесіміз Николай Майдановтың бюсті ашылды.

12 қараша. Облыстық қазақ драма театрында жазушы-журналист Бауыржан Ғұбайдуллиннің 50 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті. Мерейтой иесін облыс әкімінің орынбасары Нариман Төреғалиев, Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ақын Ақұштап Бақтыгереева құттықтады. Кеште алғаш рет Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Б. Ғұбайдуллиннің «Күтпеген кездесу» әні орындалды.

12 желтоқсан. ҚР Инвестиция және даму министрлігінің инновация тақырыбына журналистер арасында өткен республикалық байқау қорытындысы бойынша облыстық «Орал өңірі» газеті редакциясы бас жүлдені жеңіп алса, газеттің бөлім меңгерушісі Сәкен Әбілхалықов Ұлыбританияға бару жолдамасына ие болды.

10 желтоқсан. ҚР Президентінің Жарлығымен Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ректоры, биология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Серғалиевке ҚР әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы берілді.

15 желтоқсан. БҚО баспасөз тарихына арналған жаңа кітап баспадан шықты. Онда 1918-1919 жылдары аралығында шыққан «Хабар – Известия» және «Қазақ дұрыстығы – Киргизская правда» облыстық газеттердің сандары жарияланған. Кітапты құрастырған «Жайық Пресс» ЖШС жанындағы баспасөз тарихын зерттеу орталығының жетекшісі, журналист Қазбек Құттымұратұлы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
117 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
338 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
824 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1203 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1117 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1562 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2177 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2344 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2350 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2402 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2404 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2034 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2885 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2938 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2934 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3545 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3516 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3503 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3481 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3642 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3689 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»