Кәмелетке толмағандар тексерілді
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін облыс аумағында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қараусыз жүруі, түнгі уақытта заңды өкілсіз жүруі және алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзуы фактілерін анықтауға бағытталған кешенді профилактикалық және бақылау шараларын өткізді.
ОПМ қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 130 кәмелетке толмаған жеткізілді, оның ішінде 126 — әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 4 — қараусыз және бейберекет жүрген.
Кәмелетке толмағандардың 3-і Адаптациялық орталыққа орналастырылды.
Іс-шара барысында жалпы 205 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
15 — ата-аналардың немесе заңды өкілдердің тәрбиелік міндеттерін орындамауы;
8 — кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуы;
5 — алкоголь өнімдерін сату талаптарын бұзу;
2 — алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде болу;
176 — кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілсіз немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы.
Профилактикалық есепке 5 әлеуметтік жағдайы нашар отбасы қойылды. Профилактикалық есепте тұрған 235 отбасы және тізімдік есепте тұрған 155 кәмелетке толмаған тексерілді.
Ішкі істер органдары ата-аналар мен заңды өкілдерді демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді, оларды түнгі уақытта заңды өкілсіз қалдырмауды ескертеді.
Осындай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Кіру