Қоғамдық қауіпсіздік жастар көзімен: полиция бастамасындағы пікірсайыс
Орал қаласындағы Оқушылар сарайында өткен «Жастар арасындағы қоғамдық қауіпсіздік» тақырыбындағы дебат турнирі қатысушыларына ерекше әсер қалдырды. «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында ұйымдастырылған іс-шара жасөспірімдерді толғандыратын өзекті мәселелерді ашық әрі батыл талқылауға мүмкіндік берді.
Пікірсайыс алаңында мектеп оқушылары көрермен рөлінде емес, қоғамның белсенді мүшесі ретінде көрінді. Буллинг пен кибербуллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жасөспірімдер қауіпсіздігі сынды күрделі тақырыптар қызу пікірталас тудырды. Әр аргумент – салмақты ой, әр сөз – жауапкершілікке толы болды.
Турнир барысында іс-шараның маңыздылығына Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Ибрайымов қатысып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мұндай пікірсайыстардың рөліне тоқталып, өз пікірін білдірді.
Орал қалалық білім беру бөлімі мен Полиция департаментінің бірлескен бастамасымен өткен турнирге қала мектептерінен 8–11 сыныпта оқитын 48 оқушы, яғни 24 команда қатысты. Бұл күні жастардың құқықтық сауаттылығы, сыни ойлау қабілеті мен азаматтық ұстанымы нағыз пікірталас арқылы сыналды.
Аталған дебат турнирі жеңіс пен ұпай үшін ғана емес, заңға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпке бейжай қарамайтын жаңа буынның бар екенін айқын көрсетті.
Тартысты ойын нәтижесінде:
I орын – Sirius-A,
II орын – Қара шаңырақ,
III орын – JDX және Грин флагтар командалары иеленді.
Сонымен қатар турнир қорытындысы бойынша «Үздік төреші», «Үздік сарапшы» және «Үздік аналитик» номинациялары анықталып, иегерлері марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Полиция департаменті атынан арнайы кубоктармен, медальдармен, дипломдар және сертификаттармен марапатталды.
БҚО ПД баспасөз қызметі
Соңғы жаңалықтар
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау
Жалған ақпаратқа қарсы орталық: Құрылтай сайлауы қарсаңында фейктер көбейді
«Тиімді басқару, сабақтастық және «Адал азамат» құндылықтары»: облыс педагогтерінің тамыз кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды

Кіру