8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Қаңтар 2026 1166 0
Оқиға

Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған

Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz. Орал қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы патрульдеу жұмыстарын жүргізуде. Кезекті қызмет барысында көлік құралын мас күйінде басқарған үш жүргізуші анықталды. Барлығы да бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Түнгі уақытта қаланың әртүрлі аудандарында екі Volkswagen Passat және Kia Rio көлік тоқтатылды. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушілердің орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Тексеру барысында барлық жүргізушінің бұған дейін де осындай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылып, көлік құралын басқару құқығынан ұзақ мерзімге, бір жағдайда өмір бойына айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, олар заң талаптарын елемей, қайтадан рөлге отырған. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/oralda-omir-bojyna-zhurgizushi-kualiginen-ajyrylghan-turghyn-qajta-kolik-basqarghan/

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық фестивалі» өтті
30 Сәуір 2026
0 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
264 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
602 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
318 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»