8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2026 36 0
Таза Қазақстан

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда. Кезекті іс-шара Орал қаласында ұйымдастырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталды.

Акция барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аула аумақтары қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді.
Экологиялық бастамаға облыс жастары мен еріктілер қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Қатысушылар сенбілік өткізіп, аулаларды ретке келтіру жұмыстарына жұмыла атсалысты.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сәрсенбаевтың айтуынша, акцияның басты ерекшелігі – тұрғындарды өз ауласының тазалығы мен көркеюіне белсенді атсалысуға ынталандыру.

– «Таза Қазақстан» бастамасы – қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған бір реттік акция емес, бұл қоғамда экологиялық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды жоба. «50 жаңа аула» акциясы арқылы жастар мен тұрғындар ортақ іске бірігіп, туған қаласының дамуына нақты үлес қосып келеді. Осындай бастамалар өңірдегі экологиялық мәдениетті нығайтып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді Нұрсұлтан Сәрсенбаев.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «50 жаңа аула» акциясы алдағы уақытта да жалғасады. Жоба аясында өңірдің әртүрлі аумақтарында тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға және туған өлкесінің көркеюіне үлес қосуға шақыру жұмыстары жүргізіледі.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – Әкелер күні
21 Маусым 2026
73 0
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
148 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
227 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
279 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
343 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»