8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2026 393 0
Экономика

БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді

Батыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайға жасаған жұмыс сапары барысында бірқатар ірі өндірістік кәсіпорындардың қызметімен танысып, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша маңызды келіссөздер жүргізді. Сапар аясында делегация Ляонин провинциясына қарасты Цзиньчжоу қаласындағы жетекші өндіріс орындарын аралады.

Іссапар барысында делегация мүшелері автокөлік өнеркәсібіне қажетті бөлшектер өндірумен айналысатын Jinzhou Wonder Auto Group Limited компаниясының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын Қытай нарығындағы ірі өндіріс ошақтарының бірі саналады. Компания өндірістік әлеуетін халықаралық деңгейде дамытып, бүгінде Азия мен Еуропаның бірнеше мемлекетінде өз кәсіпорындары мен логистикалық нысандарын қалыптастырған.

Сонымен қатар өңір өкілдері өндірістік салада кеңінен қолданылатын жағармай қоспаларын шығаратын Jinzhou Kangtai Lubricant Additives компаниясында болды. Кәсіпорын 200-ден астам өнім өндіреді және халықаралық нарықта өзіндік орны бар ірі экспорттаушылардың қатарында. Компания өнімдері бүгінде әлемнің көптеген елдеріне жеткізіліп келеді.

Кездесу барысында тараптар өндірістік тәжірибе алмасу, инновациялық технологияларды енгізу және өңір экономикасына бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Батыс Қазақстан облысының басшылығы қытайлық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегацияның үш күндік жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы жүктеген міндеттер аясында халықаралық әріптестікті нығайту, өңірге инвестиция тарту көлемін ұлғайту және өндіріс секторында бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруға негіз қалау.

Халықаралық деңгейдегі мұндай кездесулер Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуетін арттырып қана қоймай, өндіріс саласына озық технологияларды тартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің экономикалық дамуына тың серпін бермек.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
133 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
120 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
346 0
Өңір жаңалықтары
Хан тоғайындағы өрт оқшауланды
28 Шілде 2026
175 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»