Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
– 2026 жылдың бес айында үш мыңнан астам есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде шамамен 1,5 мың есірткі қылмысы анықталды. Сонымен қатар алты ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 12 зертхана және 42 фитозертхана жойылды. 12 мыңға жуық заңсыз онлайн-ресурс бұғаттауға жіберілді. Ұлттық банкпен бірлесіп, есірткі бизнесіне қатысты қаржылық операцияларға тосқауыл қойылуда. Нәтижесінде 107 миллион теңгеден астам күмәнді қаржы аударымы тоқтатылды. 125 мыңға жуық шетелдік төлем картасы бұғатталды. Сондай-ақ 20 мың криптоәмиян тексерілуде. Үлкен қауіптің бірі – синтетикалық есірткілер. Заңсыз айналымнан 466 килограмм синтетикалық есірткі және 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Алдын алу жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері мектептер мен жоғары оқу орындарында 6,5 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізілді. Сегіз мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды. Халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Қазақстан шетелдік әріптестерімен бірлесіп, трансұлттық есірткі қылмысына тосқауыл қоюда. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың денсаулығын қорғау және жас ұрпақтың болашағын сақтау мақсатында есірткі қылмысына қарсы кешенді жұмыстар жалғасатын болады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Мақат – Индербор – Сәтимола» бағытындағы теміржол инфрақұрылымның құрылысы басталды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
«Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы өтті
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашаға белгіленді
Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
Как Казахстан защищает радиоактивные материалы от диверсий и хищений!
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Жаңа Конституция Қазақстанның сот жүйесі тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған

Кіру