Әке – отбасының тірегі: Оралда облыстық форум өтті
Бүкіл ел бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Әкелер күніне арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірі – 18 маусымда Орал қаласындағы Достық үйінде өткен «Жауапты әке – мықты отбасы» атты облыстық форум.
Форумға Әкелер Одағы, Әкелер комитеті, Әкелер кеңесінің белсенді мүшелері, үлгілі әкелер, әскери бөлім қызметкерлері, спортшылар, жастар мен БАҚ өкілдері жиналды.
БҚО қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шукеева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларды форумның ашылуымен құттықтады.
«Отан отбасынан басталады. Мемлекет басшысы Отбасы күніне орай “Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады” деп отбасының рөлін атап өтті. Отбасы – қоғамның алтын діңгегі, әке – сол шаңырақтың тірегі, жауапкершілік пен тәрбие мектебінің негізгі тұлғасы. Бүгінгі форумның мақсаты да – отбасындағы әке рөлін күшейту, жауапты әкелік мәдениетті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу» – деп Гүлжанар Шукеева атап өтті.
Спикерлер қатарында «Қазақстанның әкелері» РҚБ құрылтайшысы Серік Ихсанов, жеке сот орындаушылары палатасының басшысы Мереке Закиров, майор Айғали Аманжолов баяндама жасады.
Форум аясында Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Тасқала және басқа аудандардан келген белсенді әкелер Алғыс хаттармен марапатталды. Олардың арасында дәрігерлер, ұстаздар, мәдениет қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер бар.
Қазақстанда Әкелер күні 2023 жылдан бастап маусымның үшінші жексенбісінде аталып келеді. Мереке әкенің қоғамдағы рөлін арттырып, ұрпақ тәрбиесіндегі беделін көтеруге бағытталған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
Жаңақала ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Қазақстан ТЖМ әлеуетін арттыруда: жаңа технологиялар, заманауи техника және құтқару инфрақұрылымын дамыту
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кезекті жәрмеңкесі өтті
От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты
«Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумы өтті
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы 29 қарашаға белгіленді
Новый исследовательский реактор: инвестиция в технологии, кадры и будущее атомной науки
Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды
Как Казахстан защищает радиоактивные материалы от диверсий и хищений!
Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды
Жаңа Конституция Қазақстанның сот жүйесі тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған
14 жасында әлемдік әдебиет сахнасында: ағайынды Айтқалиевтер Франкфуртта өз кітаптарын таныстырды
Әуежай залында Қазақстан Президенті құрметті қонақтармен аз-кем әңгімелесті

Кіру



