8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2026 26 0
Өңір жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттырудағы цифрлық мониторинг

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері агенттігінің Батыс Қазақстан облысыбойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетінқызметтердің сапасына ақпараттық жүйелерарқылы тұрақты негізде қашықтықтан мониторинг жүргізуде.

Осылайша, 2026 жылдың басынан бері жүргізілген бақылау нәтижесінде 460 қызмет алушының құқықтары қорғалды, оның ішінде 132 заң бұзушылық қашықтықтан мониторинг барысында анықталды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес, әрбір қызмет алушы сапалы мемлекеттік қызмет алуға, қажетті ақпаратқа қол жеткізуге және заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Сонымен қатар, азаматтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты өтініштері мен шағымдарын «eGovKZBot2» Telegram-боты арқылы жолдай алады.

Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету, қызмет алушылардың құқықтарын қорғау және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Азаматтардың барлық өтініштері мен шағымдары тұрақты бақылауда. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, жауап беріледі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Версия для печати

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Бүгін – Әкелер күні
21 Маусым 2026
64 0
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
141 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
221 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
273 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»