8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Маусым 2026 64 0
Өңір жаңалықтары

Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды

Батыс Қазақстан облысында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы жұмыстар қарқын алып келеді. Соның ішінде Орал қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңарту жобасы мәресіне жақындап, бүгінгі таңда жұмыстардың 97 пайызы орындалған.

Жаңғырту нәтижесінде жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру көзделген. Вокзал ғимаратында жаңа үлгідегі күту залдары жабдықталып, заманауи ақпараттық және бағыт-бағдар беру жүйелері енгізілді. Сонымен қатар төрт эскалатор мен үш жеделсаты орнатылып, перронға шығуды жеңілдететін конкорстық өткел пайдалануға берілмек. Енді жолаушылар бұрынғыдай жерасты өткелі арқылы емес, тікелей перронға өте алады.

Нысандағы инженерлік-коммуникациялық желілер толық жаңартылып, айналасын абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл шаралар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылмақ.

Құрылыс барысын бақылау мақсатында облыс әкімі Нариман Төреғалиев нысанға арнайы барып, жауапты мердігерлерге бірқатар міндет жүктеді. Аймақ басшысы жұмыс сапасын қатаң сақтауды талап етіп, ана мен балаға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аударды.

Орал теміржол вокзалын жаңғырту жобасы өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін бермек. Заманауи талаптарға сай жабдықталған нысан жолаушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, облыстың транзиттік әлеуетін арттыруға да ықпал етеді. Жоба толық аяқталғаннан кейін вокзал тұрғындар мен қала қонақтарына сапалы қызмет көрсететін заманауи көлік торабына айналмақ.

Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар тек Орал қаласымен шектелмейді. Шыңғырлау ауданында жаңа теміржол вокзалы бой көтеріп жатса, Бөрлі мен Тасқала аудандарындағы теміржол бекеттерін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Теміржол нысандарын жаңғырту барысы облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
107 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
163 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
226 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
261 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
306 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»