8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Наурыз 2026 551 0
Білім

Студенттер цифрлық жобаларын таныстырды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Цифрландыру және жасанды интеллект» бағдарламасы аясында студенттердің инновациялық жобаларының көрмесі өтті.


Заманауи технологиялардың мүмкіндігін кеңінен таныстыруды мақсат еткен шараға университет басшылығы, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Биыл елімізде цифрландыру мен жасанды интеллект бағытындағы бастамаларға айрықша көңіл бөлінуде. Осыған орай ұйымдастырылған көрмеде білім алушылардың ЖИ көмегімен әзірлеген тың жобалары көпшілік назарына ұсынылды.

Алдымен университеттің Цифрлық дамыту орталығының директоры Гауһар Камалова сөз сөйлеп, оқу орнында жасанды интеллект пен цифрландыру саласында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен жетістіктерге тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі көрмеге 20-ға жуық студенттік жоба ұсынылған.

– Университетте цифрлық бағытты дамытуға ерекше мән беріліп келеді. Қазіргі таңда бес цифрлық агент іске қосылды. Бүгін солардың екеуін таныстырып отырмыз. Көрмеден байқағандарыңыздай, тек IT бағытының студенттері ғана емес, аграрлық салада білім алып жүрген жастар да цифрлық жобаларын ұсынып жатыр. Бұл – технологиялардың барлық салаға еніп жатқанын көрсетеді, – деді Гауһар Камалова.

Айта кету керек, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері түрлі республикалық және халықаралық байқауларда университет намысын қорғап жүр. Мәселен, оқу орнындағы «Unity» командасы Қостанай өңірлік университетінің «Qostanai Hub» технопаркі және жетекші агроөнеркәсіптік компаниялармен бірлесе ұйымдастырған республикалық «Qostanai AgroTech Hackathon 2025» хакатонының финалдық кезеңіне қатысып, алғыс хатпен марапатталды.

Сонымен қатар «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстан Республикасының Банктер қауымдастығы ұйымдастырған студенттік ғылыми жұмыстар мен зерттеулердің республикалық конкурсында жүлделі нәтиже көрсетіп, «Отбасы банк» АҚ-да бір жылдық тағылымдамадан өту мүмкіндігін жеңіп алды.

Көрме барысында студенттер цифрлық алаяқтықтың алдын алу, жеке қаржыны тиімді басқару, онлайн тестілеу жүйесін жетілдіру, сондай-ақ «Ақылды бақша» секілді ауыл шаруашылығына арналған инновациялық жобаларды таныстырды. Әрбір жоба қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген.

Дәметкен САҒЫНБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Ерлікке тағзым, ұрпаққа аманат
04 Мамыр 2026
89 0
Қалалықтар қаперіне
Қалалықтар назарына!
04 Мамыр 2026
63 0
Без рубрики
WUF13 Festivalı
04 Мамыр 2026
50 0
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
200 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
243 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
82 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»