Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев бастаған батысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Ляонин провинциясына жасаған жұмыс сапары аясында Цзиньчжоу қаласына барды. 2 мың жылдан астам тарихы бар шежірелі шаһар Қытайдың солтүстік-шығысында, Бохай шығанағының жағалауында орналасқан. Бүгінде мұнда 3 миллионға жуық адам тұрады. Стратегиялық маңызы бар портты қала құрлық пен теңіз қатынастарында әлеуеті жоғары халықаралық торап ретінде ірі сауда орталығына айналып келеді.
Өңір делегациясы өндірістік нысандарды аралап, озық технологиялармен танысты. Алғашқы екіжақты ынтымақтастық кездесу PetroChina Jinzhou Petrochemical Company кәсіпорнында өтті. Компанияның атқарушы директоры Юань Цинбинь зауыт тарихы мен әлеуетін таныстырды. Жылдық табысы 30 млрд юаньнан асатын кәсіпорында 6 мыңнан астам жұмысшы еңбек етеді. Отын-химия кешені электромобиль батареялары мен болат балқыту пештеріне аса қажет жоғары төзімді көміртекті материал өндіру көлемі жөнінен әлем бойынша көш бастап тұр. Компания смартфондар мен компьютер чиптерін тазалауға арналған G3 және G5 класты электронды техникалық спирт шығарып, Қытайдың жоғары технологиялық өнеркәсібін импортқа тәуелділіктен арылтты. Цифрлық шешімдер енгізуде де озық тәжірибе қалыптасқан, өндіріс толық автоматтандырылған.
Кездесуде облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов аймақтың инвестициялық әлеуетін таныстырып, өңір экономикасын әртараптандырудың маңызына тоқталды.
– Биылғы 4 айда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 182,6 млрд теңгені құрап, 2025 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 17 пайызға артты. Көрсеткіштерді одан әрі жақсартуға әлеуетіміз толық жетеді. Батыс Қазақстан облысы Қытайдың 5 бірдей провинциясымен тығыз байланыс орнатты. Күні кеше облыстың әкімшілік орталығы мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Бұл қадам екіжақты ынтымақтастық пен іскерлік байланысқа тың серпін береді деп сенеміз, — деді Тілепберген Каюпов.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге және ортақ жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін жан-жақты талқылауға уағдаласты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа

Кіру



