8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Маусым 2026 36 0
Медицина

Аймақ басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында медицина қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, денсаулық сақтау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Өңір басшысы медицина қызметкерлерінің халық денсаулығын сақтаудағы еңбегін ерекше атап өтіп, салаға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары өңірдің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыстың медицина саласында 8,5 мыңнан астам маман еңбек етеді. 2023 жылдан бері өңірге 461 дәрігер келген болса, олардың 246-сы ауылдық елді мекендерге жұмысқа орналастырылған. Осы уақыт аралығында мамандарға 1,8 млрд теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген.

Сондай-ақ «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс бойынша 50 медициналық нысан салынған. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңарту жұмыстары да жалғасуда. Бұл мақсатта жаңа жедел жәрдем көліктері мен заманауи құрал-жабдықтар сатып алынуда.

Шара барысында Нариман Төреғалиев өңірде ана өлімінің тіркелмегенін, ал нәресте өлімі көрсеткішінің 38,2 пайызға төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында халықаралық тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, кореялық медициналық ұйымдармен жасалған келісім аясында батысқазақстандық мамандар «Әулие Мария» клиникасында тағылымдамадан өткен.

Мерекелік жиында бірқатар медицина қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық марапаттар табысталды. Сондай-ақ салалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталып, ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді.

Салтанатты кеш Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филармония ұжымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
70 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
152 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
209 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
271 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
302 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»