ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2016 ЖЫЛ)
Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!
Иә, тарих бір орнында тұрмайды. Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен «көшке» көз жүгіртіп, біз бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға, халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін.
Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл! Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп, тауып, жерлестеріміздің назарына салу басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас та, орта буын да, аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?! Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.
Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса аласыздар! Ару Жайықтың жағасында жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!
Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
1992 жыл
1993 жыл
1994 жыл
1995 жыл
1996 жыл
1997 жыл
1998 жыл
1999 жыл
2000 жыл
2001 жыл
2002 жыл
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
2006 жыл
2007 жыл
2008 жыл
2009 жыл
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
2015 жыл
2016 жыл
4 ақпан. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйі ашылды. Жаңа әкімшілік ғимаратта этномәдени бірлестіктердің 17 кабинеті, БҚО ҚХА жастар қанаты кабинеттері, ардагерлер Кеңесінің кабинеттері орналасты. Ғимарат 3 қабатты, 150 орындық концерт залы, 80 орындық конференц залы (26 орын-дөңгелек үстелде), сонымен қатар медиация кабинеті азаматтарды қабылдауға дайын. Бұдан басқа Қазақстан халқы Ассамблеясының Үйінде 2 дайындық кабинеті және 2 хореография залы, 3 тілдер (мемлекеттік тіл, ағылшын және туған тілді оқыту) кабинеті, киім бөлмесі, грим жасау бөлмесі қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ететін «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кабинеттері орналасқан. Жаңа ғимаратта мүмкіндігі шектеулі жандарға да бар мүмкіндіктер жасалған (пандустар, көтергіштер), сондай-ақ қазіргі кездегі жабдықтармен жабдықталған дыбыс режиссерінің кабинеті, дыбыс жазу студиясы, жарық беру бөлмесі де бар.
Қаңтар. «Дианаплюс» ЖШС иелігіндегі «Алем Плаза» «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттен қолдау алып, халыққа қызмет көрсетіп отырған сауда үйі. Сауда үйі ғимараты витражды әйнекпен әрленген. Ішкі әрлеу жұмыстарына замануи технологиялар пайдаланылған. Сауда орталығында әлемдік бренд өнімдерін ұсынатын бірнеше сауда дүкендері біріктірілген.
1 маусым. Жылу электр орталығы ауданында «Айлин» жеке балабақшасы ашылды. Екі қабатты балабақша 110 орынға есептелген.
12 шілде. Жайықтың жүрегіндегі азамат – соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды.
5-21 тамыз. Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы олимпиада ойындары өтті. Осы олимпиадаға қатысқан оралдық спортшы Е.Ларионова әйелдер күресінен 63 келі салмақта қола жүлдені иеленді. Ол жарысқа 18 тамыз күні шықты.
27 тамыз. Орал қалалық №2 сот жаңа ғимаратқа көшті. Жаңа төрт қабатты нысан 5 шағынауданнан салынды. Ғимарат құрылысын «Жиенбай» ЖШС жүргізген. Аумағы – 7,5 шаршы метр.
7 қыркүйек. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында және Қала күніне орай Зашаған кентіндегі Көктем шағынауданында бес қабатты 90 пәтерлік қос тұрғын үй пайдалануға берілді. Екі тұрғын үй де «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы аясында салынды. Құрылысты «Алтим» және «СВ-плюс» ЖШС жүргізген.
7 қыркүйек. Астана шағынауданындағы 4-ші үйдің ауласында спорт алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңын салуға қала бюджетінен 7,5 млн. теңге жұмсалған. Құрылысты «Жайық Сити» жүргізді.
9 Қыркүйек. Жайық өзені жағалауындағы саябақта «Бекіре» ескерткіші орнатылды. Айналасы субұрқақпен көмкелірген нысан – Орал қаласның символы іспетті. Нысанның авторы – оралдық мүсінші Димтрий Баймұқашев, субұрқақ – Сүйеуғали Сағыновтың еңбегі.
1-2 қазан. Тәуелсіздіктің 25 жылдыымен тұспа-тұс келген мемлекелкет және қоғам қайраткері М.Ықсановтың 90 жылдығы аталып өтті. Облыстық мәслихат ғимаратында Мұстақым Ықсановқа арналған мемориалдық тақта ашылды. Облыстық қазақ драма театрында «Ұрпақ ұлыларды ұмытпайды» конференциясы өтіп, «Ұлы тұлға» және «Ғасырдың асылы» кітаптарының тұсауы кесілді.
22 қазан. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Шаған өзенінің оң жағалауында велосипед жолы ашылды. Пайдалануға берілген велосипед жолынының ұзындығы – 2,7 шақырым. Оның 400 метрі – балаларға арналған шағын айналым жолы. Жаңа орында асфальт-бетонмен жабылған 800 метр қашықтықты қамтитын автокөлік жолы да бар. Шағанның оң жағалауын игеруге арналған жобаның негізінде «KPO b.v» қаржыландырған. 214 млн теңге жұмсалды. Жол құрылысын жүргізген «Марасант» ЖШС.
21 қазан. Оралда күй атасы Құрманғазы мен күй анасы Динаға арналған ескерткіш ашылды. Қоладан құйылған ескерткштің биіктігі – 5,7 метр. Авторы – қазақстандық белгілі мүсінші Мұрат Мансұров. Ескерткіш Ж.Молдағалиев пен Құрманғазы көшелерінің қиылысына орнатылған болатын. 2018 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғимараты алдына көшірілді.
24 қараша. Галактика кинотеатрында «28 Панфиловшылар» фильмінің алғашқы көрсетілімі ұсынылды. «28 Панфиловшылар» – 1941 жылдың қарашасында Волокаламск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген Панфилов дивизясының атқыштар ротасы жауынгерлернің жасаған ерлігі турыла түсірілген фильм. Фильмнің Қазақстандағы көрсетілімін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жүзеге асырып, ҚР мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі бірігіп дайындаған. Қоюшы режиссерлері – Ким Дружинин мен Андрей Шальопа.
1 желтоқсан. Зашаған кентінде 180 пәтерлі тоғызқабатты үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына республикалық және жергілікті бюджет есебінен 1 297 241,97 мың теңге қаржы бағытталған. Құрылысты «Болашақ-Т» ЖШС жүргізген. Жаңа тұрғын үйден 13 Ұлы Отан соғысының мүгедегі мен қатысушысына теңестірілгендер пәтер алды.
6 желтоқсан. Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Астанада өткен Индустрияландыру күні аясындағы жалпыұлттық телекөпір барысында Оралда қара уылдырық пен тауарлы бекіре балығын өндіретін аквамәдени кешені іске қосылды. Аквамәдениеттер тәжірибелік-өнеркәсіптік оқу ғылыми кешені» ЖШС жылына 10 тонна қара уылдырық, 131 тонна бекіре етін шығаруға қауқарлы. Бұл еліміздегі ғылыми-технологиялық аквамәдени кешені өнеркәсібінде тұйықталған сумен қамтамасыз ету арқылы қара уылдырық пен бекіре өндіретін алғашқы өндіріс. Тәжірибелік өнеркәсіптік кешенде толықтай технологиялық құрал-жабдықтармен, бекіре уылдырығын қабылдап өңдейтін құрылғымен қамтамасыз етілген өндіріс орны, инкубациялық және балық өсіретін учаске бар. Тұйықталған су қоймаларындағы құрылғылар жылдың төрт мезгілінде балықтың салмағы мен оның жетілуіне қажетті климатты қамтамасыз етпек. Мұндай жағдайда бекіренің жетілу уақыты және уылдырық шашуға дайындығы 5-7 жылда жемісін береді.
13 желтоқсан. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында 7-ші шағынауданда Оқушылар және жастар сарайы ашылды. Сән салтанаты келіскен сарайда ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының чемпионы данияр Д.Елеусінов атындағы бокс орталығының тұсауы кесілді. Елбасы тапсырмасымен салынған Оқушылар сарайын «KPO b.v» қаржыландырған. Жоба құны – 2,8 млрд. теңге. Құрылыс мердігері – «Альтаир» ЖШС. Төрт қабатты. Жалпы аумағы 16,2 шаршы метр. Чемпионның есімімен аталған орталықтың аумағы 1200 шаршы метр.
12 желтоқсан. Зашаған кенті Мөңкеұлы көшесі107/1 мекенжайында тоғыз қабатты үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынған үйге 1,1 млрд. теңге бөлінген. Аумғы 10 мың шаршы метр. Құрылысты «СВ плюс» жүргізді. Пәтерлердің 69-ы – кезекте тұрғандарға берілсе, 75-ін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары иеленді.
16 желтоқсан. 5 шағынауданда 72 пәтерлі тұрғын пайдалануға берілді. Тоғыз қабатты үйдің жалпы аумағы 7436,8 шаршы метр. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында салынған үйдің 50-ге жуық пәтерін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары болып табылатын прокуратуры қызметкерлері алды. Құрылысты жүргізген «Альтаир» ЖШС.
24 желтоқсан. Оралда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 300 төсектік қалалық көпбейінді аурухана пайдалануға берілді. Ғимарат құрылысына барлығы 8,3 млрд. теңге қаралса, соның 3 млрд. теңгесі еуропалық және қазақстандық медициналық құрал-жабдықтарды алуға жұмсалды. Ауруханада нейро-инсульт орталығы, жалпытерапиялық, травматологиялық, гинекологиялық, әйелдер босанатын және басқа бөлімшелер жұмыс жасамақ. «Болашақ-Т» ЖШС салған ғимараттың жалпы алаңы – 54 мың шаршы метр. Бір-бірімен жалғасқан бес корпусы бар, барлық заманауи керек-жарақтармен қамтылған ауруханада 140-тан астам дәрігер, 300-дей орта буын маманы еңбек етпек.
Версия для печати
Пікір үстеу