8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қазан 2024 5006 0
Қоғам

Үйірменің берері көп…

Бүгін, қазанның 11-і күні,«Алтын орда» мәденит үйінде Жастар мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Үйірменің жұмыстары – ұрпақ тәрбиесінің басты құралы» атты тақырыпта семинар өтті.

Семинарды Жастар мәдениет сарайының әдіскері Мергүл Жақыпова ашып, үйірменің маңыздылығына тоқталды. Бұдан соң облыстық халық шығармашылығы орталығының «Мәдени демалыстарды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Бақытты Дәулетқалиева үйірме жетекшілерінің әдістемелік нұсқаулары мен талаптары туралы айтып, барлығына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ «Әуен» ән үйірмесінің жетекшісі Дария Бақытова,«Нұрай» би үйірмесінің жетекшісі Айнұр Құсайынова, мәдени шараның ұйымдастырушысы Нұрила Амановалар өз тәжірибелерімен ой бөлісіп, тренинг көрсетіп, қатысушылардың көңілдерін серпілтті.

Жиын соңында үйірме жетекшілері бір-біріне жылы лебіздер айтып, көңілді ойындар ойнатылды.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ

Бұл туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан толық оқисыздар

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
61 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
266 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
604 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»