8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2024 4162 0
Қалалықтар қаперіне

Иттерге рейд

Қарашаның 21-і күні Орал қалалық ветеринарлық станциясының басшысы Ерлан Ишанов, облыстық ветеринариялық басқармасының бас маманы Қуандық Хамитов, ит аулаушылыр және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Орал қаласындағы № 40,26,32 ЖОББ мектептердің аулаларындағы қаңғыбас иттерді бақылау мақсатында рейд жүргізілді.


Қалалық ветеринариялық станциясының басшысы Ерлан Ишановтың айтуынша, 2011 жылдан бері бұралқы иттерді ату жөніндегі заң алынып тасталған.

Сондықтан тұрғындардан түскен шағым арыздар бойынша ит аулаушылар 5-8 ит қана аулайды. Айталық, мектепке, балабақшаға баласын әкелген ата- анамен бірге бос жүрген байлаусыз иттер еріп келеді екен.

Бұл ретте тұрғындардан үйінде ұстайтын итті арнайы қарғымен байлап ұстау қажеттігін ескертті. Біз барған √ 26 мектептің ата – анасы Алтынай Құсайынова осыдан 8 ай бұрын ұлын ит қауып, денсаулығына нұқсан келгенін, мұғалімдер үйіне барып ұлына сабақ беретінін айтты.

Аталмыш мектептің директорлары Ләззат Кастуғанова мен Қымбат Рахымбердина оқу ордасының ауласына ит көп келгендіктен, ветеринарлық станцияға шағымданғандарын алға тартты.

Рейд кезінде ит аулаушылар қолдарындағы сеткамен біраз итті аулап,көлікке тиеп,арнайы зертханаға жіберді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Бұл туралы «Жайық Үнінің» келесі санынан толықтай оқисыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
24 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
78 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
270 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»