8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2024 4569 0
Бәрекелді!

Жеңімпаздар анықталды

Қазан айының 9- ы күні, Қадыр Мырза Әлі атындағы сарайда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және «Отан»,«Құрмет» ордендерінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 80 жылдығына орай облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ақұлпа» республикалық композиторларының байқауы өтті.

Байқауда Донеділ Қажымов, Жаскелең Ғайсағалиев, Мира Шүйіншәлиева, Таңат Жексенбаев қазылық етті.

Сайыстың марапаттау рәсімінде облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев құттықтау сөз сөйлеп, елдің атынан Ақұштап ақынға алғысын білдірді. Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені батысқазақстандық Елжас Мағзомды ақынның өзі марапаттады.

Сондай-ақ 1 орынды Ләззат Қажығалиева, 2- орынды Қуаныш Қисметов пен ақтөбелік Сәти Жанболат лайықты деп танылса, 3-орынды ақмолалық Серікжан Сағидолла, маңғыстаулық Қаракөз Кемерова, оралдық Замир Гумаров иеленді. Байқаудың соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
86 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
285 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
275 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»