8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2024 5236 0
Қалалықтар қаперіне

Құм Нарыны Нарынбекті еске алды

Қазанның 18-і күні, Ғ. Құрманғалиев атындағы филармонияның концерт залында облыстық мәденит және тілдерді дамыту,архив ісі басқармасы және Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет қайраткері Нарынбек Мамаевтың 70 жылдығына орай еске алуға арналған «Нарынның нар ұлы» атты шара өтті.

 

Шарада облыстық мәдениет және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Медхат Қамбетов сөз сөйледі.-Нарынбек Мамаев туған жері Бөкейорда аудандық мәдени-демалыс орталығының директоры, аудандық мәдениет бөлімінің басшысы болып, іскерлігін танытып, артында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі жерлестерінің есінде мәңгі сақталады,-деді.

Бұдан соң жерлестері мен үзеңгілес замандастары Нұрлыбек Бірманов, Лавр Хайретдинов, Айдар Батырханов, Сәния Хамзина марқұм жайлы естеліктер айтып, әңгіме өрбітті. Сондай-ақ әріптесі, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Донеділ Қажымов ән шырқап, қатысушылардың көңілдерін серпілтсе, жерлесі Ғайсағали Сейтақов өзінің арнау өлеңдерін оқып берді.
Шарада аталмыш филармонияның өнерпаздары «Кейде ағалар болады» әнін әуелете шырқады.

Бөкейорда ауданының әкімі атынан келген Нұркен Сабыров еске алу кешін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың атынан Алғыс хат табыстап, Нарынбек Рақышұлының зайыбы Лайық Мамаеваға камзол кигізді.

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Бұл мақала туралы газеттің келесі санынан толық оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
282 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
273 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
389 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»