8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Наурыз 2026 420 0
Таза Қазақстан

«Таза Қазақстан» – экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды кездесу

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграралық-техникалық университетінің студенттерімен ақпараттық-түсіндірмелік кездесу өтті.

Шараның мақсаты – жастарға экологиялық бастамалардың мәнін түсіндіру, табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптастыру және өңірдегі экологиялық жобалар туралы кеңірек ақпарат беру.

Кездесуге БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшы орынбасары Нұрсұлтан Чапайұлы жастарға экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызын атап өтті. Ол табиғатты аялау, әр азаматтың күнделікті дағдысына айналуы керектігін айтып, студенттерді белсенділікке шақырды. Экологиялық бастамаларға қатысу – қоғамға нақты үлес қосудың тиімді жолы екенін жеткізіп, жастарды өз ортасында экосауаттылықты арттыруға шақырып, сөзін қорытындылады.

Кездесу барысында студенттер тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау, жасыл жобаларға қатысу, сенбіліктер мен экологиялық науқандарда волонтер болу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар өңірдегі өзекті экологиялық мәселелер талқыланып, оларды шешуге бағытталған бастамалар жөнінде ұсыныстар айтылды.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Студенттер өз ойларын ортаға салып, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған жаңа идеяларымен бөлісті. Мұндай ақпараттық жұмыс жастардың табиғатты қорғау саласына деген қызығушылығын күшейтіп, олардың азаматтық белсенділігін нығайтуға ықпал етті.

БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
97 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
178 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
233 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
296 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
326 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»