8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Наурыз 2026 431 0
Мәдениет

Ұлттық киім – ұлт рухының айнасы

Бүгін Ұлттық киім күніне орай «Ұлт рухы: тарих пен өрнек» театрландырылған мәдени шарасы өтті.

Батыс Қазақстан облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты – қазақтың ұлттық киімдерінің тарихи-рухани маңызын дәріптеу, мәдени мұраны ұлықтау, жас ұрпаққа ұлттық эстетикалық тәрбие беру, ұлттық киім кию мәдениетін жаңғырту және отандық өнімді насихаттау.

Хореографиялық композициялар мен сахналық көріністер көрермен назарына ұсынылып, «Жаңғыру» дизайнерлер шоуы аясында Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының дизайнерлері заманауи этностильдегі сән топтамаларын таныстырды.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев қатысушыларды Ұлттық киім күнімен құттықтап, дизайнерлерге облыс әкімі Н.Төреғалиевтің Алғыс хатын табыстады.

Әсем Кенжебайқызы, БҚО Дизайнерлер қауымдастығының төрайымы:

– Ұлттық құндылықтарды және тарихи тұлғаларымыздың образын дәріптеу мақсатында өткен шара аясында осы сала мамандарымен бірлескен жоба ұйымдастырдық. Ұлт ең алдымен өзінің келбеті арқылы танылады. Қанша жерден заманауи болсақ та, ұлттық болмысымыз бен қазақы құндылықтарымызды ұмытпауымыз қажет. Біздің басты мақсатымыз – сән арқылы тарихты сөйлету.

Ұлттық болмысты сақтауда бүгінгі қоғамның жауапкершілігі ерекше. Дизайнерлер мұндай үлгідегі ұлттық киімдер арқылы ұлттық болмысты қайта жаңғыртуға, оны заманауи тұрғыда дамытуға зор үлес қосып отырғанын тілге тиек етті.

Жайық үні

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
91 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
174 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
227 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
292 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
321 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»