Бүгін – «Шаңырақ» күні
Атаулы күнге орай облысымызда өнегелі отбасылармен тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және қоғамдағы жанұя институтының маңызын арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.
Тарихқа көз жүгіртсек, Ұлы дала өркениетінде ата-бабаларымыз Жаңа жылды 8-9 күн бойы атап өтіп, оны «Наурызнама» деп атаған. Бұл игі дәстүр Мемлекет басшысының қолдауымен жаңғырып, 2024 жылы 10 күндік Наурызнама тұжырымдамасы қабылданып, оның ішінде 17 наурыз – «Шаңырақ» күні болып белгіленді.
Шаңырақ – әр адамның киелі бесігі, тәрбие мен құндылықтың қайнар көзі ретінде әрбір азамат үшін ерекше орын алады, оның беріктігі мемлекеттің тұрақтылығының негізін құрайды. Ал отбасы – қоғамның діңгегі, елдің тірегі әрі адамның сарқылмас рухани қазынасы.
Айта кету керек, Батыс Қазақстан облысында ұрпақ тәрбиесінде өнеге көрсетіп жүрген көпбалалы аналардың саны 15 546-ға жетті. Олардың 6 390-ы «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана» иегерлері. Бұл – мемлекет тарапынан отбасы институтына көрсетіліп отырған қолдаудың айқын дәлелі.
Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекет ақпараттық-идеологиялық бағыттағы жұмыстарға ерекше мән беруде. Жуырда еліміз үшін маңызды тарихи кезең жүзеге асты – қазақстандықтар жаңартылған Конституцияны қабылдады. Ата Заңда отбасы құндылықтары мен ұлттық мәдениетті қорғауға бағытталған нормалар енгізіліп, ана мен баланы қорғау, отбасы институтын нығайту мәселелеріне басымдық берілді.
Жаңа Конституция ұлттық құндылықтар мен Ұлы дала дәстүрлерінің сабақтастығын сақтай отырып, қоғамның рухани жаңғыруына жол ашады деп сенім білдіреміз.
Жиынға қатысқан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г.Шөкеева:
– Сіздерді Ақжайық өңіріндегі шаңырағы биік, ұрпағына тағылымды тәрбие беріп келе жатқан өнегелі отбасы ретінде танимыз. Отбасылық бірлігі жарасқан, рухани құндылықтарды берік ұстанған қазыналы әулет ретінде Сіздерге шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздер – мемлекеттің тірегі, қоғамға үлгісіздер! – деп жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Жайық үні
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Цифрлық сарбаз: ефрейтор Комрон Тулабоев армия тиімділігін ІТ шешімдер арқылы арттыруда
БҚО-да ардагерлерге 5 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілді
Жергілікті атқарушы органдар мен «КПО б.в.» компаниясы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды

Кіру



