Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
Қазақстан елдің дәрілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында елеулі нәтижеге қол жеткізді.
Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің деректері бойынша отандық өндірістегі дәрілік препараттардың үлесі заттай көрсеткіште (қаптама мен дозалар саны бойынша) 40%-ға жетті.
Бұл көрсеткіш халықтың отандық өндірістегі дәрілік заттармен нақты қамтамасыз етілу деңгейін көрсетіп, ұлттық фармацевтикалық саланың кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын айғақтайды.
Денсаулық сақтау министрлігінде атап өткендей, нарықты заттай көрсеткіштер арқылы бағалау дәрілік заттарды тұтыну құрылымын барынша объективті түрде талдауға мүмкіндік береді.
Құндық мәнде отандық препараттардың үлесі шамамен 15%-ды құрайды. Бұл патенттік қорғауда тұрған инновациялық импорттық дәрілік заттардың жоғары құнымен байланысты.
Нарықты заттай көрсеткіштер арқылы талдауға көшу халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділік деңгейін және денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз етудегі отандық өндірушілердің нақты рөлін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді.
Дәрілік қамтамасыз ету саласындағы жүйелі реформалар бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, баға белгілеу жүйесін реформалау нәтижесінде ТМККК және МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың шекті бағасы орта есеппен 15%-ға, ал көтерме және бөлшек сауда сегменттерінде 26%-ға төмендеді. Бұл халық үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігін арттырды.
Маңызды бағыттардың бірі сатып алу жүйесін оңтайландыру болды. Бірыңғай дистрибьютор өндіруші зауыттармен тікелей келісімшарттар тәжірибесін айтарлықтай кеңейтті, бұл делдалдар санын қысқартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдары — ПРООН, ЮНИСЕФ және STOP-TB арқылы жүргізілетін сатып алулар көлемі 87%-ға артты, ал отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар көлемі 43%-ға өсті.
Осы шаралардың нәтижесінде бюджет қаражаты айтарлықтай үнемделді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша үнемдеу 70,5 млрд теңгені, ал 2026 жылдың алғашқы айларында 47 млрд теңгені құрады. Босатылған қаражат пациенттерді дәрілік қамтамасыз етуді кеңейтуге бағытталуда.
Дәрілік қамтамасыз ету жүйесін дамытуда цифрландыру да маңызды рөл атқарады. Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу препараттардың қозғалысының бүкіл тізбегінің — өндіріс желісінен бастап пациентке жеткізілетін әрбір қаптамаға дейін — ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл бақылау сапасын арттырып, елдегі дәрілік қамтамасыз ету жүйесіне деген сенімді күшейтуге ықпал етеді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ІІМ: «Жас сақшы» сыныптарының алғашқы түлектері сертификат алып, заңға қызмет ету жолын таңдады
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді

Кіру
