8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қазан 2021 821 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (1994 ЖЫЛ)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

4 сәуір. Облыс әкімдігінің қаулысымен Орал қаласы аумағында Круглоозерный, Зашаған, Деркөл, Желаев поселкелік әкімшіліктері және ауылдық (селолық) округтер құрылды.

30 маусым. Мемлекеттік меншік жөніндегі Батыс Қазақстан аймақтық комитеті облыс орталығындағы нысандарын сату жөнінде аукцион өткізді. Қысқа мерзім ішінде бастапқы бағасы 1 млн. 613 мың теңге тұратын бірнеше кафе, дүкен, қойма тағы басқа нысандар жалпы сомасы 2 млн. 175 мың теңгеге сатылды. Орал қаласында жеке сауда орындарының иелері пайда болды. Нысандарды сатудан түскен қаржы бюджетке түсіріледі.

26 тамыз. Өңір басшысы Қ.Жақыпов даниялық «Гила консалтенс» фирмасының президенті Ариэл Розенбергпен кездесу өткізді. Бұл фирма біріккен қазақ-дат «Конденсат» кәсіпорнының құрылтайшысы болып табылады. Кездесу барысында облыстың мұнай өнімдеріне деген тапшылығын тұрақтандыру үшін кәсіпорынды тезірек іске қосу мәселесі әңгіме болды.

14 қазан. Орал қаласында облыстық диагностикалық орталық ашылды. Нысан 4 млн. доллар тұратын қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен қамтылған. Жыл сайын бұл жерден 30 мыңнан астам адам тексеруден өте алады. Орталықтың тиімді жұмыс істеуі үшін мамандар ТМД және АҚШ-та дайындықтан өтті.

8 қараша. «Запказэнерго» бірлестігінің Орал филиалында қаланың энергетикалық шаруашылығын басқару электронды жүйеге көшірілді. Бас компьютерге барлық трансформатор станцияларына орнатылған шағын компьютерден кеңейтілген техникалық ақпараттар келіп түседі. Электр желісі бойындағы ақау немесе өшіп қалғаны туралы мәліметтер және пайдаланылған электр қуаты жөніндегі деректер орталыққа келіп түседі және оны ЭВМ жедел өңдейді. Бұл жаңалық кәсіпорын мамандарының жұмысын жеңілдетті.

25 қараша. Орал ЖЭО-да сағатына 12 мың киловатт электр энергиясын және кәсіпорынның техникалық қажеті үшін 80 тонна бу өндіретін жаңа турбина іске қосылды. Бұл жаңа турбина аймақтың электр қуатына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік берді. Енді Ресей энергожүйесінен қуат айырылған жағдайда өзіміздің ЖЭО өндіретін энергияны пайдаланып, өмірлік маңызы бар аурухана, «Су арнасы» мекемесі, наубайхана, сүт комбинаты тағы басқа нысандар электр қуатынсыз қалмайды.

20 желтоқсан. Орал өңіріне танымал коллекционер, филология ғылымдарының докторы, Орал пединститутының профессоры Мәтжан Тілеужанов Мароккода жеке авторлық көрмесін өткізді. Қазақ халқының тұрмысында пайдаланылған көне бүйымдарды жинаумен айналысқанына 40 жыл толу мерейтойына орай өткен шарадағы сырға, күміс алқа, ілгек, домбыра, ертұрман, құман сынды
халқымыздың бірегей көне бұйымдарын шетелдіктер жоғары бағалады.

Жалғасы бар.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Спорт
САЯБАҚТА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ОЙНАТЫЛДЫ
05 Желтоқсан 2021
171 0
Қалалықтар қаперіне
ОРАЛДА 1500 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН МЕШІТТІҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
03 Желтоқсан 2021
278 0
Қалалықтар қаперіне
ТАСҚАЛА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
29 Қараша 2021
693 0
Қалалықтар қаперіне
«ЕЛ ЫРЫСЫ» БАЗАРЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТЕДІ
26 Қараша 2021
632 0
Қалалықтар қаперіне
ШАҒЫН МАРКЕТТЕР ЖЕЛІСІНДЕ ӨНІМДЕР ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА
25 Қараша 2021
705 0
Қалалықтар қаперіне
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫНА — ҚОС КОНЦЕРТ
24 Қараша 2021
819 0
Өзек
МАС ЖҮРГІЗУШІ БАҒАНАНЫ ТҮЙДІ
23 Қараша 2021
865 0
Өзек
КӨЛІК ӨРТЕНДІ
20 Қараша 2021
1001 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»