8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2026 457 0
Заң және тәртіп

«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды

Теректі ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы М.Байсаловтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілер мен аудан жастары арасында өткен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты аудандық эссе байқауының қорытындылау шарасы өтті. Шығармашылық сайыс аясында қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік аппаратта адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған еңбектері сарапқа салынды.

Департамент басшысы М.Байсалов байқау қатысушыларымен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтық сауаттылық пен қоғамдық бақылаудың рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің ашықтығын арттыру, кадр саясатын жетілдіру және жастардың мемлекеттік басқару ісіне белсенді қатысуының маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

Іс-шара соңында Департамент басшысы М.Байсалов шығармашылық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, үздік деп танылған жұмыс авторларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Байқау қорытындысы бойынша жастар арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

 

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
241 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
272 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
249 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
287 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»