400 мыңнан астам кітап қоры бар
Осы айда Казталов ауданына іс сапармен барған кезімізде Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік ҚАЙЫРЛИЕВті сөзге тартып, соңғы жылдары ауданда жасалып жатқан мәдени жұмыстарды сұрап-білген едік.

– Ұлт руханиятының өзегі саналатын мәдениет саласы қай қоғамда да ерекше маңызға ие. Бұл бағытта Казталов ауданында атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. 2026 жылдың алғашқы бес айында ауданда 522 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оған 33 300 тұрғын мен қонақ қатысты. Түрлі мәдени шаралар тұрғындардың рухани өмірін байытуға бағытталды. Ұлттық өнерді дәріптеп, тұлғалардың мұрасын насихаттапжәне туған жерден шыққан азаматтардың өнегелі өмір жолын кейінгі буынға үлгі ету мақсатында танымал актер, режиссер, жерлесіміз Тельман Имашевтың есімін Казталов аудандық халық театрына бердік. Бұл шешім марқұм Тельман ағамызға аудан жұртшылығының құрметі деп білемін. Талантты азаматтың шығармашылық мұрасын сақтап, насихаттау біздің борышымыз, – деді сұқбат барысында С. Қайырлиев.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыру мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі түрлі мәдени-ағартушылық жобаларды қолға алуда. Солардың бірі – «Мен оқыған 30 кітап» байқауы. 2023 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп тұратын бұл жобаға оқушылар белсенді қатысқан. Үш жыл ішінде байқаудың аудандық кезеңіне 147 оқушы атсалысып, облыстық кезеңге 12 аудан мен Орал қаласынан үздік оқырман іріктеліпті.
Ауданда кітап оқу мәдениетін насихаттау мақсатында «Жылдың үздік оқырманы» байқауы, Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік шаралар және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы тұрақты өтіп тұрады. Биыл көпшілік оқуға ұсынылған Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша түрлі форматтағы әдеби-танымдық іс-шаралар өтуде. Жұбан кітапханасының 155 жылдығы шеңберінде қолғаалынған «Бір кітап – шексіз мүмкіндік» жобасы оқырмандарға әдеби мұраны жаңа форматта таныстыруға жол ашса, «Бас кітапхана – ортақ мұра, ортақ тарих» жобасы аясында «Өткенді сақтай отырып, болашаққа беттеген Жұбан кітапханасы» мәдени шарасы кітапхана тарихын дәріптеуге арналмақ.
Казталов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 38 кітапхана үзбей жұмыс істеп тұр. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылық қолдауымен Казталов аудандық орталық кітапханасы, Жалпақтал және Ақпәтер ауылдық модельді кітапханалары заман талабына сай жаңартылған.
Жазып алған Ә.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өңірдегі «Кублей» ет өңдеу кәсіпорнының өндірістік әлеуетімен танысты
Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті болып сайланды
Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді
Робот-собака, Тәртіпбек и Тазабек на «BaiQymyz–2026»: акцию «Закон и порядок» провели на гастрофесте в Астане
Қала аумағында абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы тағайындалды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған тағылымды іс-шаралар өткізілді
«Әділет» партиясы Сайлауалды бағдарламасы мен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекітті
Астанада «Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезі өз жұмысын бастады

Кіру




