8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Маусым 2026 300 0
Заң және тәртіп

Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда

– 2026 жылдың бес айында үш мыңнан астам есірткіге қатысты құқық бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде шамамен 1,5 мың есірткі қылмысы анықталды. Сонымен қатар алты ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 12 зертхана және 42 фитозертхана жойылды. 12 мыңға жуық заңсыз онлайн-ресурс бұғаттауға жіберілді. Ұлттық банкпен бірлесіп, есірткі бизнесіне қатысты қаржылық операцияларға тосқауыл қойылуда. Нәтижесінде 107 миллион теңгеден астам күмәнді қаржы аударымы тоқтатылды. 125 мыңға жуық шетелдік төлем картасы бұғатталды. Сондай-ақ 20 мың криптоәмиян тексерілуде. Үлкен қауіптің бірі – синтетикалық есірткілер. Заңсыз айналымнан 466 килограмм синтетикалық есірткі және 11 тоннадан астам прекурсор тәркіленді. Алдын алу жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері мектептер мен жоғары оқу орындарында 6,5 мыңнан астам есірткіге қарсы іс-шара өткізілді. Сегіз мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды. Халықаралық ынтымақтастық дамып келеді. Қазақстан шетелдік әріптестерімен бірлесіп, трансұлттық есірткі қылмысына тосқауыл қоюда. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, азаматтардың денсаулығын қорғау және жас ұрпақтың болашағын сақтау мақсатында есірткі қылмысына қарсы кешенді жұмыстар жалғасатын болады, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
Рұқсатсыз сауда жасамаңыз!
14 Шілде 2026
41 0
Өңір жаңалықтары
Он бес тұрғын аман қалды
14 Шілде 2026
43 0
Заң және тәртіп
Ешкімге сенбеңіз!
14 Шілде 2026
44 0
Заң және тәртіп
Терезені жауып жүріңіз!
14 Шілде 2026
45 0
ЖАРНАМА | РЕКЛАМА
ЖАРНАМА • РЕКЛАМА | Оқуға шақырады!
13 Шілде 2026
104 0
Өңір жаңалықтары
Өңірдің үздік тауар өндірушілері анықталды
12 Шілде 2026
122 0
Өңір жаңалықтары
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
10 Шілде 2026
179 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»