Сыбайлас жемқорлыққа қарсы суреттер байқауы өтті
Тасқала ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы мектепте «Мен таңдаған адал әлем» атты аудандық суреттер байқауының қорытындылау шарасы өтті. Іс-шара мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Шығармашылық байқау барысында оқушылар өздерінің суреттері арқылы әділдік, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік және жемқорлықсыз қоғам құру туралы көзқарастарын бейнеледі. Қатысушылар қоғамдағы адалдық қағидаттарының маңызын шығармашылық тұрғыдан жеткізіп, өз жұмыстарында жарқын болашаққа деген көзқарастарын көрсетті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы М.Байсалов балалардың шығармашылық қабілеттерін жоғары бағалап, құқықтық мәдениет пен адалдық құндылықтарын ерте жастан қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруда осындай тәрбиелік іс-шаралардың рөлі ерекше екеніне тоқталды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың авторлары мен белсенді қатысушылар Департамент атынан алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Бүгінде Құрылтай жаңа мазмұнға ие болып, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық пікір алмасудың маңызды алаңына айналды
Қазақстанда 4,5 миллионнан астам әйел экономиканың әртүрлі салаларында еңбек етуде
Жаңақала ауданында «Заң мен тәртіп – әділетті қоғам кепілі» форумы өтті
Тарихи оқиға – Маңғыстаудың киелі орындары ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне ресми түрде енгізілді
Киберспорттың әлемдік жұлдыздары «Болашақ ойындары 2026» турниріне қатысу үшін Астанаға келуде
Сақ болыңыз: сайлау қарсаңындағы анонимді сауалнамалар – әлеуметтанулық зерттеу емес, ықпал ету құралы
Жаңақала ауданында ардагерлер мен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірталас өтті
Жаңақала ауданында мемлекеттік қызметшілердің басқарушылық дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шара өтті
Ақжайық ауданында жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды
Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті
Казахстан развивает ядерные технологии не только в энергетике, но и в медицине, промышленности, экологии и науке
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды

Кіру





