Педагогтерді қолдап отыр
Бүгінде Казталов ауданында білім беру саласын дамытуға, оқушылардың сапалы білім алуына және мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2025-2026 оқу жылында аудан мектептерінде 1-11 сыныптар бойынша 5297 оқушы білім алып, 470 оқушы негізгі мектепті аяқтап, 338 түлек мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы отыр.
Биылғы оқу жылында 11-сынып бойынша 26 түлек «Алтын белгі» иегері атануға үмітті болса, 29 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер. Ал 9-сыныпты аяқтайтын 71 білім алушы үздік аттестатқа ұмтылып отыр.
Ауданның білім беру инфрақұрылымын жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар бар. Соңғы үш жыл ішінде 5 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 2 білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп, материалдық-техникалық базасы нығайып, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Дарынды оқушыларды тәрбиелеуде ерекше еңбек сіңіріп жүрген ұстаздар еңбегін ескеріпті. Оларды қолдау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен республикалық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен олардың жетекшілеріне арналған арнайы салтанатты шара өтіп, онда І орын алған оқушының жетекшісіне 1 миллион теңге, ІІ орын иегерінің жетекшісіне 700 мың теңге, ІІІ орын иегерінің жетекшісіне 500 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы табыстаған. Сонымен қатар педагогтерге материалдық қолдау көрсетіліп, мал азығы жеткізілген.
– Бұл бастамалар –білім саласына көрсетіліп отырған қолдаудың нақты көрінісі. Өз кезегінде мұндай қолдау ұстаздардың кәсіби ынтасын арттырып, дарынды жастарды тәрбиелеуге жаңа серпін береді,- дейді Казталов ауданы әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев.
Қазір Казталов ауданында 60 төсек-орынға арналған ауданаралық көпбейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарының мердігері «Жайықсельстрой» ЖШС. Жобаның жалпы құны 6 млрд 855 млн теңгеден асады. Бұл жаңа нысан туралы да кейін жазамыз.
Өнері өркендеп, білімі мен руханияты дамыған Казталов өңірінде қолға алынған жобалар халық игілігіне қызмет етуде. Жүйелі жұмыстардың нәтижесі ауданның бүгінгі жетістігін айқындаса, жүзеге асырылып жатқан бастамалар оның ертеңгі өркендеуіне жол ашпақ.
Әдемі БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,
«Жайық ҮНІ»
Соңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру


