8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Маусым 2026 390 0
Заң және тәртіп

Бір әулет – бір мақсат: заң мен тәртіпке қызмет

Ішкі істер органдарында қызмет ету – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін мамандық. Осындай абыройлы қызметті таңдаған жас мамандардың бірі – Шынтаевтар отбасы. Заң саласында білім алып, бүгінде ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген бауырлар өз қызметтерін адал атқаруда.

Шынтай Әсем Жомартқызы 1997 жылдың 15 қыркүйегінде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов ауылында дүниеге келген. 2022 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сол жылы ішкі істер органдарына қабылданып, еңбек жолын Казталов аудандық полиция бөлімінің әкімшілік практика тобының инспекторы қызметінен бастады. Кейін Екінші арнайы топтың инспекторы болып қызмет атқарып, қазіргі таңда Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, полиция аға лейтенанты лауазымында қызмет етеді.

Шынтаев Жандаулет Жомартұлы 2001 жылдың 20 наурызында Казталов ауылында дүниеге келген. 2022 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, сол жылы ішкі істер органдарындағы қызметін әкімшілік полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы ретінде бастады. 2024 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Казталов аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты қызметін атқарып келеді.

Қызмет барысында көрсеткен кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін Шынтаевтар отбасының мүшелері бірнеше мәрте Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының, аудан әкімінің және аудандық полиция бөлімі бастығының Алғыс хаттары мен грамоталарымен марапатталған.

Заңға деген құрмет пен халыққа қызмет етуге деген ұмтылыс – Шынтаевтар отбасының басты ұстанымы. Бір әулеттен шыққан қос тәртіп сақшысы бүгінде ел қауіпсіздігі жолында абыроймен қызмет атқарып, жас мамандарға үлгі болуда.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
96 0
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
141 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»