Ж.ЖАҚСЫҒАЛИЕВ ХАН ТОҒАЙЫНА ТАРИХИ СӘУЛЕТТІК ЕСКЕРТКІШТЕР ОРНАТУДЫ ҰСЫНДЫ
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев Батыс Қазақстанда туристік кластерді дамытуға қатысты ойларымен бөлісті. Бұл туралы 17 қарашада «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында айтты.

«Сайлауалды бағдарламамның бірінші басым бағыты – Орал өңірінің бай тарихы мен мәдениеті. Жайық қалашығын – ашық аспан астындағы мұражайға айналдыру. Біз Көне Сарайшықты, көне Таразды, Түркістанды білеміз. Басқа жерге барсақ, кішкентай нәрсені шоқтай етіп қояды. Сондықтан бұл мәселені көптен айтып жүрміз – туристік кластерге айналдыру. Екінші мәселе – Хан тоғайында тарихи сәулеттік ескерткіш орнату. Көптеген хандардың құлпытастары табылды. Ол жерлерге бару халыққа қиын. Сол құлпытастарының макетін жасап, сол жерде саябақ жасасақ деген ұсынысымыз бар. Сонымен бірге Әбілқайыр, Нұралы, Ералы Бөкей, Жәңгір хандарға композиция қойсақ, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Аспан астындағы ұлыларымыздың жетістігін насихаттайтын оқу-энциклопедиялық саябағын бастаймыз» деген дүниемен үйлесіп кетер еді», – деді тарихшы.
Сондай-ақ демократия – қазақтың қанында бар құбылыс екенін атап өткен Жаңабек Жаңабайұлы халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын дамытуға қатысты ұсынысын білдірді.
«Қазақ айтады: «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Алар жағым кетсе де, айтар жағым кетпесін», «Халық айтса, қалып айтпайды», «Әкім бол, халқыңа жақын бол», «Халық қаласа, Хан түйесін сояды» деп кеткен ата-бабаларымыз. Nur Otan партиясы ұйымдастырған праймериз де сан ғасырлар бойы қазақтың жинақталған саяси санасының заманауи жаңғырығы десек еш артық айтқанымыз емес. Ол үшін билікті қоғамдық бақылау тетіктерін мемлекет жан-жақты кеңейтуі керек. Тарқатып айтсақ, Үкіметтік емес ұйымдарының белсенділігін арттыру, ашық есік және ашық тыңдауларды жиірек ұйымдастыру. Әсіресе, биліктің халыққа жақындығын арттыру үшін әлеуметтік мәселелердегі комиссияларға қоғам белсенділерін жиі тарту», – деп қазіргі уақытта билік пен бұқара арасында алтын көпірге айнала бастаған әлеуметтік желіні де назарда ұстау қажеттігін айтты.
Бұдан бөлек трансшекаралық өзендер мәселесін мемлекеттік деңгейде шешу және өңірімізде тұщы су көздеріне байланысты терең ғылыми зерттеу ұйымдастыруды ұсынды.
Айта кетейік, 17 қарашада «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына үміткерлер анықталды. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін съезге ұсынылды. Конференция депутаттарының дауыс беруі қорытындысымен 120 дауыс жинаған Мәлік Құлшар, 116 дауыспен Жаңабек Жақсығалиев, 109 дауыспен Сәбира Сүндетова үздік үштікке ілікті.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу