8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2020 1152 0
Қоғам

«NUR OTAN: БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МӘЖІЛІС САЙЛАУЫНА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ТАҢДАДЫ

           Қарашаның 17-сі күні  «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына үміткерлер анықталды.

Конференция жұмысына қатысқан облыс әкімі, партияның облыстық филиалының  төрағасы Ғали Есқалиев атап өткендей, Елбасының бастамасымен тәуелсіз ел тарихында биыл алғаш рет жалпыұлттық деңгейде өткен праймеризге батысқазақстандықтар да белсенді қатысты. Осы орайда әсіресе, жастар мен нәзік жандардың белсенділігі ерекше болған. БҚО бойынша праймеризде 460 кандидат тіркеліп, соның 421-і додаға қатысты. Соның ішінде 155-і немесе 36,8 пайызы – әйелдер, 144-і немесе 34,2 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болды. Төрт күнге созылған дауыс беруде өңірде 22903 партия мүшесі немесе 85 пайызы өз таңдауын жасады. Осы аралықта облыс тұрғындарынан 1205 ұсыныс түсіп, соның 77 пайызы партияның облыс, қала және аудандық филиалдарының сайлауалды бағдарламасына енгізілді.

Батыс Қазақстан облысы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасында өңірдің дамуының жеті басым бағыты айқындалған болатын. Конференция барысында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы осы бағыттарға жеке-жеке тоқталды.

–  Алдағы уақытта өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауда, бәсекеге қабілетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Ол үшін 177 инвестициялық, агроөнеркәсіптік кешенде 34 жобаны іске асыру жоспарлануда,  нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру көзделуде, – деді облыстық филиал төрағасы Ғ.Есқалиев.

Өңір басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауымен жылына 270-тен астам жобаны қамту көзделген, бес мыңнан астам шағын несие беру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға да көңіл бөлінуде. Алдағы уақытта отандық өндірушілерді қолдауға, бәсекеге қаблетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Ол үшін 177 инвестициялық, агроөнеркәсіптік кешенде 34 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру көзделуде. Сондай-ақ конференцияда ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидаттарға дауыс беру үшін дебат өткізілді. Дебат аяқталысымен делегаттар дауыс беру кабиналарына барып, Мәжіліске партиялық тізімге қатысушы кандидаттарға дауыс берді. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев конференцияның барлық делегаттары дауыс беруге қатысқанын мәлімдеп, ақпараттық жүйе арқылы дауыс берудің қорытындысымен таныстырды.

Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін съезге ұсынылды. Конференция депутаттарының дауыс беруі қорытындысымен 120 дауыс жинаған Мәлік Құлшар, 116 дауыспен Жаңабек Жақсығалиев, 109 дауыспен Сәбира Сүндетова үздік үштікке ілікті.

Сондай-ақ конференция барысында «Nur Otan» партиясынан Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізім бекітілді. Партиялық тізімге енгізілген 47 адамнан тұратын тізімді конференция делегаттары бірауыздан қолдады. Бұдан кейін 25 қарашада өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезіне өңірден қатысатын 20 делегаттың тізімі анықталды. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында партияның үгіт жұмыстарын ұйымдастыру бойынша облыстық, қалалық, аудандық сайлауалды штаб құрамы жасақталды. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының төрағасы Ғали Есқалиевтің ұйғарымымен облыстық сайлауалды штабының басшысы ретінде филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев бекітілді.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
262 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
524 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
764 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
798 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
953 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1147 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1385 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1467 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1575 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1585 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1613 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1621 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1724 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1942 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2251 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2136 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2250 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»