8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2020 1231 3
Қоғам

М.ҚҰЛШАР ӨҢІРДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУДАҒЫ ЖЕТІ БАСЫМ БАҒЫТТЫ ҰСЫНДЫ

17 қарашада «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясы өтіп, ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттығына үміткерлер анықталды. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған үш кандидат конференция шешімімен ҚР Парламенті Мәжілісінің өңірлік квотасына сәйкес партиялық тізімге енгізу үшін съезге ұсынылды. Конференция депутаттарының дауыс беруі қорытындысымен 120 дауыс жинаған Мәлік Құлшар, 116 дауыспен Жаңабек Жақсығалиев, 109 дауыспен Сәбира Сүндетова үздік үштікке ілікті.

40 жылдан астам уақыт бойы БҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етіп келетінін атап өткен Мәлік Құлшар осы уақытқа дейін жинақтаған іс-тәжірибесін Nur Otan партиясы облыстық бағдарламасын жүзеге асыруға арнайтынын жеткізді.

Бұл ретте жеті басым бағытты ұсынып, атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

– Бірінші, Батыс Қазақстанды эконмикасы дамыған өлкеге айналдыруымыз қажет. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашу, инвест-жобаларды жүзеге асыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді қолдауды назарда ұстаймыз. Екінші, Батыс Қазақстанды тұрғындарымыз үшін жайлы мекен жасаймыз. Ол үшін жолдарды күрделі жөндеу,ауылдарды таза ауыз сумен қамту, кезектегілерді тұрғын үймен қамту, экологиялық жағдайды жақсартуға көңіл бөлеміз. Үшінші, Батыс Қазақстан – әлеуеті жоғары өлке  болуы қажет. Ол үшін медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру,  білім сапасын жетілдіру, мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер жасау, бұқаралық спортты дамытуға жағдай туғызамыз.Төртінші, Батыс Қазақстан – жастардың өлкесі. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, оларды жұмысқа орналастыру, жастарды «Бастау – бизнес» жобасымен көбірек оқыту, жастарға жатақханалар салуды қолға аламыз. Бесінші, Батыс Қазақстан – тарихы терең, мәдениеті бай өлке. Сондықтан терең тарихи келбетін сақтап, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сай, мәдениет ғимараттарын салуды, өлкетану экспедицияларын жаңғыртуды, туристік объектілер мен киелі жерлердің 3D картасын жасақтауды назарда ұстаймыз. Алтыншы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді «Бір терезе» қағидасына көшіруді жалғастыру, аудандарда «Ашық әкімдіктерді» ашуға қол жеткізу, азаматтық қоғам өкілдері мен қоғамдық кеңес мүшелерін жергілікті атқарушы органдар жанындағы барлық қоғамдық және бақылаушы комиссиялар құрамдарына енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетуге партиялық және қоғамдық мониторингті жүргізуді қажет деп ойлаймын. Бұл – бүгінгі күннің талабы.   Жетінші, Батыс Қазақстанды қауіпсіз өлке жасаймыз. Smart Uraksk жобасын одан әрі жетілдіру, интеллектуалдық қиылыстар санын көбейтуді жүзеге асырамыз, – деді Мәлік Иманқұлұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
240 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
502 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
743 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
776 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
932 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1126 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1363 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1446 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
1552 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
1564 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
1592 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
1600 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1702 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1922 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
2231 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
2116 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
2229 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»