8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қараша 2021 1494 0
Қалалықтар қаперіне

ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ: ОРАЛДАҒЫ ЕСКІРМЕЙТІН ЕСТЕЛІКТЕР (2006 жыл)

Егемендік алып, баянды бақытқа, тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге де 30 жыл толып отыр. Бұл аз уақыт емес. Осынау өмір өзенінде  Қазақстан Республикасының мерейлі кезеңдерін, жеткен жетістіктерін, жеңістері мен жемістерін айтып тауысу мүмкін емес. Егемен еліміздің дамуына, жұлдызды сәттеріне  көне қаламыз – Оралдың да үлесі ұшан-теңіз! Орал қаласы – жақсылықтың жаршысы! Сұлу Жайық бәріне куә!

Иә, тарих бір орнында тұрмайды.  Тарих хатталады, архивтерде сақталады. Алыстап кеткен  «көшке» көз жүгіртіп, біз  бүгін сонау 1991 жылдардан бері Орал шаһарында болған оқиғаларға,  халық үшін жасалған жарқын істерге төл газетіміздің төрінен орын беріп отырмыз. Бұл тұрғыда алдымен Орал қаласының әкімі Шыныбеков Абат Абайұлының қосқан тың ойларын, басты идеяларын қаперлеріңізге салып өтейін. 

Сондықтан жылыстаған заманға қайтадан шолу жасап, ертеректе жасыл Жайықта  жасалған жұмыстарды қайтадан жаңғыртпақпыз. Тәуелсіздікпен бірге жарық көріп, талай тарихи сәттерді  жұртшылыққа қазқалпында жеткізіп келген қалалық қоғамдық-саяси апталық «Жайық үні» газетінің оқырманымен қауышқанына да мінекей, 30 жыл!  Әрине, ескірмейтін естеліктерді еске түсіріп, ұмытылмас шақтарды жинақтау біздің «Жайық үні» редакция алқасына да оңайға соққан жоқ. Сол себепті архивтерге жүгіндік. Қажетін тауып, оқырмандар үшін қадемізге жаратудамыз. Әсіресе, Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасындағы қор деректері, бұдан біраз жыл бұрын шыққан жергілікті газеттер, заманауи сайттар бізге көп көмектесті. Осындай шынайы, нақты деректерге, құжаттарға арқа сүйедік! Мәңгі өлмейтін, өшпейтін тарихты қайдан болса да іздеп,  тауып, жерлестеріміздің назарына салу  басты мақсатымыз ғана. Бұл үшін бізді ешкім айыптай қоймас. Өйткені, Тәуелсіз еліміздің алғашқы жылдарынан бастау алған қаладағы  игілікті істер, толағай табыстар халық жадында жаңғыра беруі тиіс! Бүгінгі жастар мен болашақ ұл-қыздарымыз туған қаламыз Оралда 1991 жылдан бастап қандай жетістіктер, ел-жұртымыз рахатын көрген нендей ғажайыптар болғанын саралауы тиіс. Жас  та, орта буын да,  аға-апалар да Оралда болған сол оқиғаларды жадында жаңғыртса нұр үстіне нұр емес пе?! Оңайлықпен келмеген тәтті Тәуелсіздігімізді, ардақты Азаттығымызды Алты Алашым – Ақ Жайығым бағалай білгенге не жетсін?!  Ол үшін тарихты әлсін-әлсін ойға оралтып отырсақ деймін.

Сонымен, менің айтпағым, қадірлі оқырман қауым! Тәуелсіздіктің  төл құрдасы «Жайық үні-Жизнь города» газетінің бүгінгі нөмірінен бастап, Сіздер Орал қаласында болған тарихи оқиғалармен қайта қауышып, кеңірек таныса  аласыздар! Ару Жайықтың жағасында  жарқ еткен жұлдызды сәттер Сіз бен Біздің көз алдымызға  елестеп, Тұғырлы Тәуелсіздігіміз, азат еліміз бейбіт өмір сүріп, бұдан да зор жарқын істерге жете берсін, игілігін халқымыз көре берсін!

Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА

1992 жыл

1993 жыл

1994 жыл

1995 жыл

1996 жыл

1997 жыл 

1998 жыл

1999 жыл

2000 жыл

2001 жыл

2002 жыл

2003 жыл

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

29 шілде. Облыс әкімдігі бұрынғы атамандар үйі ғимаратынан А.Пушкин мұражайын ашу туралы қаулы алды. Қазақстандағы Пушкин жылына орай ашылатын мұражайға ақынмен байланысты материалдар мен жәдігерлер қойылады.

28 тамыз. Орал қаласында жаңғыртылған «Қызыл мешіттің» ашылу салтанаты өтті. Бұл мешіт осыдан 135 жыл бұрын салынған болатын. Осында ашылған медреседе татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқай білім алды. Мерекелік шарада мешітті қалпына келтірген татар этномәдени орталығының жетекшісі Ришат Хайруллин мен кәсіпкерлер Ринат Манахов және Ринат Бажумовқа алғыс айтылды.

1 қыркүйек. Жаңа оқу жылында Қаратөбе, Зеленов, Теректі, Жаңақала, Ақжайық аудандарында және Орал қаласында жаңа мектептер есіктерін айқара ашты. Облыс бойынша жаңа мектептердің құрылысына 12 миллиард теңге жұмсалған.

22 қыркүйек. Әйгілі әнші, «дала бұлбұлы» атанған Мұхит Мерәліұлының 165 жылдығы оның туған жері Қаратөбеде кеңінен аталып өтті. Әншінің жаңадан көтерілген мазарын облыс әкімі Нұрғали Әшімов пен ауыл ақсақалы Ғапар Кереев салтанатты жағдайда ашты. Осы күні ғылыми-практикалық конференция болды. Оның жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

3 қазан. Оралда ҚР мен РФ Президенттерінің қатысуымен шекаралас аймақтар форумы өтті. Онда екі елдің экономикалық байланысын нығайту, атом энергиясын бейбіт мақсатқа пайдалану, отын-энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды. Жиында шекаралас аймақтар арасында интеграциялық үдерістерді жеделдетуге бағытталған келісімшарттарға қол қойылды. Форум соңында Ресей Президенті Владимир Путин Орал қаласында өткен кездесуге жоғары баға берді. «Мен барлық қазақстандық әріптестеріме, Орал қаласының тұрғындарына жылышырайлы қабыл алғандары үшін үлкен ризашылығымды білдіремін» деді ол.

7 қараша. Батыс Қазақстан облысында республикада бірінші болып «Электронды әкімдік» жобасы қанат қақты. Ал кәсіпкерлер үшін жақында «Бір терезе» жобасы ашылады. Бұл барлық қажетті құжатты тез және бюрократтық кедергісіз жасақтауға мүмкіндік бермек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»