8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қараша 2025 1007 0
Бәрекелді!

Ел ырысын арттырған жандар марапатталды

Бүгін, 21- ші қараша күні «Атамекен» өнер орталығында Ауыл шаруашылығы,тамақ және өңдеу өнеркәсіп жұмыскерлері күніне орай салтанатты жиын өтіп, БҚО әкімі Н.Төреғалиев аталмыш сала қызметкерлерін құттықтады.
– Сіздерді ата кәсібіміз – ауыл шаруашылығы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ауыл шаруашылығы халқымыздың әл -ауқатына тікелей ықпал ететін, экономикалық тұрақтылығын айқындайтын стратегиялық сала. Сіздер елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен қоғамның тұрақтылығының дамуының басты тірегісіздер,- деген аймақ басшысы Н.Төреғалиұлы ҚР-ның ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күніне орай сала майталмандары мен ардагерлерін марапаттады. «Құрмет» орденімен Т.Берекешов,М.Шәлменов, 3- ші дәрежелі «Даңқ» орденімен Н.Қайромов, Н.Тәжмұратов, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ж.Ғаниев марапатталса, бірқатар ардагерлер «Ауыл шаруашылығы саласының зейнеткері», малшы, бақташы, комбайнер, сауыншылар ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасын алды. Осы саланың дамуына қосқан үлесі мен зор еңбегі үшін облыс әкімінің номинациялары табысталды. Жиынның соңы Ғ.Құрманғалиев атындағы филармония өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
«Жайық үні»
Осы шараның толық нұсқасын газеттің келесі санынан толықтай оқи аласыздар.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
145 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
129 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
356 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»