8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2025 938 0
Бәрекелді!

20 қараша күні Достық үйінде БҚО ҚХА «Ағайын» қазақ мәдени қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Сидағат Мәжитұлының «Өткен күннің өрнектері» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесері өтті.

Шараны «Ағайын» қазақ мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арман Биғалиев тізгіндеп, жиналған қауымды жүрекжарды лебізімен қарсы алды. Алдымен, Сидағат Мәжитовтің өмір жолы мен қоғамдық қызметі туралы деректер ұсынылып, қаламгердің өнегелі ғұмыры көпшілікке кеңінен таныстырылды.

Салтанатты жиында ақын-импровизатор, әдебиеттанушы, ұстаз, термеші Талап Таймасұлы сөз алып, кітаптың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Ол автордың шығармашылық қарымын жоғары бағалап, игі тілегін арнады. Сонымен қатар кітаптың алғы сөзін жазған БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы, ақын, журналист, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әділет Орынбасаров та құттықтау сөз сөйледі.

Жиын барысында ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Дәулеткерей Құсайынов, ақын, композитор, ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы майор Нұрболат Сағынов, поэзия жанкүйері, «Қадыр Мырза Әлі» төсбелгісінің иегері Нұрсағат Маратұлы автордың еңбегіне жоғары баға беріп, кітаптың тәрбиелік мәніне тоқталды.

Сидағат Мәжитұлының сыныптастары да ізгі лебіздерін айтып, сый-сыяпаттарын табыстады. Ал қаламгердің жан жары Райхан апай мен үлкен ұлы, ҚР Бас прокурорының көмекшісі Равиль Мәжитов жиналған көпшілікке алғыстарын жеткізді. Жаңа кітаптың тұсауы кесілген соң, шараға қатысушылардың барлығына үлестірілді.

Сидағат Мәжитұлы – ауыл шаруашылығы саласының «Еңбек ардагері» медалінің иегері, үлгілі әке, ардақты ата. 2022 жылы оның алғашқы «Көңіл келбеті» атты өлеңдер жинағы жарық көріп, оқырманынан жылы лебіз алған болатын. «Өткен күннің өрнектері» – автордың сол шығармашылық ізденісін жалғаған жаңа туындысы.

«Жайық үні»

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
47 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»